astana-view

Жаңа Кедендік кодекс: бастысы тараптардың тең мүддесі

2016 жылғы 27 Желтоқсан
8610 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) көшбасшылары Петербургта жалпыға ортақ жаңа Кедендік кодекске қол қойды 

Жаңа Кодекске Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Қырғызстан және Армения президенттері Алмазбек Атамбаев пен Серж Саргсян қол қойды. 

Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі 2009 жылдан бері өз күшіне енген Кедендік одақтың Кеден жөніндегі кодексін алмастыратын болады. Құжат ЕАЭО аясында бірыңғай кедендік реттеу ісіне жол ашады.

ЕАЭО Кедендік Кодексі – құжатты әзірлеудің алғашқы қадамынан соңына дейін,  барлық елдердің бизнес-орталары  қатысқан жалғыз жоба болып табылады. Кодексті әзірлеу процесіне Қазақстан және Ресей бизнес-қоғамдастықтары белсене қатысты. 

Жаңа Кеден кодексінде электронды кедендік декларациялаудың басым бағыттары, кеден инспекторларының қатысуынсыз автоматты түрде кедендік операцияарды орындау мүмкіндіктері, импорттаушылар мен экспорттаушыларға арналған арнайы жаңа жеңілдіктер, кедендік тасымалдау мерзімін қысқарту және тағы да басқа кедендік тазарту мен бақылау істерін жеңілдетуді көздейтін өзгертулер қарастырылған. 

Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасын (ЕАЭО КК жобасы) әзірлеуге қатысты жұмыстар 2013 жылдың желтоқсан айының басында басталған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнесмендердің мүдделеріне байланысты орын алған келіспеушіліктерді реттеуге қатысты жайттарды шешім қабылдайтын сарапшы және жұмыс топтарына жеткізіп отырды.  

ЕАЭО КК жобасы бойынша жұмыс топтарының 25 отырысы, ЕАЭО КК туралы келісімшарт жобасы жөніндегі келіспеушіліктерді реттейтін өкілетті және жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалардың 14 жиналысы өтті.  Аталған отырыстар аясында 400-ге жуық мәселе (1200-ге жуық түзету) қаралды. Ал, сарапшы топ аясында 32 отырыс өткізілді.

ЕАЭО КК туралы келісімшарт жобасына қатысты мемлекетішілік екі келісім рәсімі өткізілді.

ММК (мемлекетішілік мәмілеге келу) нәтижелері бойынша, 2015 жылы Қазақстан Республикасы әзірлеген (мемлекеттік органдар мен ҰКП-ның біріккен ұстанымы) 552 түзетудің 70%-ға жуығы қабылданды.

Ұлттық палата, өз кезегінде, ММК аясында 2016 жылдан бастап 87 түзетуден тұратын құжаттар пакетін жолдады. Енгізілген түзетулер арасында: болжамды ақпаратқа сүйене отырып ұсынылған терминдер, «Қорғас» ШЫХО-ға қатысты толықтырулар, жіктеу, кедендік құн, кедендік төлем, төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету, кедендік тексерістер бар. 

Осылайша Ұлттық палата ұсынған түзетулердің 60%-ы қолдау тапты.

ЕАЭО КК жобасын әзірлеу жұмысы 3 жылға созылды.

ЕАЭО жаңа Кедендік кодексі  2017 жылдың 1 шілдесінде өз күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер