astana-view

200 миллион теңге бизнес мүддесіне шешілді

2017 жылғы 05 Қаңтар
- Қызылорда облысы
6159 просмотров

2016 жылы 200 қызылордалық кәсіпкердің құқығы қорғалды

Қызылорда облысындағы Кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмыс нәтижесі осындай. ӨКП директоры Ғалымбек Жақсылықов өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 50-ден астам сот отырысына қатысып, нәтижесінде сот процестерінің 80%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілгенін мәлімдеді.

Аудандардағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының кеңесшілері 5 995 азаматқа 12 257 кеңес беріп, 1 710 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсеткен.

«Өңірде «Бизнес мектепке» сұраныс жоғары. «Бизнес Кеңесші» оқу курсынан 1 007 адам өтсе, «Бизнес Өсу» бойынша 120 адам оқыды, 65 адам білімдерін жобалық оқыту аясында толықтырды. Нәтижесінде жалпы сомасы 888,7 млн теңге болатын 186 жоба қаржыландырылды.  Сондай-ақ, өткен жылы 200 миллион теңге көлемінде 200 қызылордалық кәсіпкердің құқығы қорғалды», – деп атап өтті Ғалымбек Жақсылықов.

Кәсіпкерлер палатасы жанынан «Бухгалтерлер клубы», «Заңгерлер кеңесі» клубтары құрылып, аудандар мен Қызылорда қаласында «Прокурор кабинеті» ашылды.

«Өткен жылы өңірлік Палата ауылшаруашылық кооперативтерін құруға өз үлесін қосты. 114 кооперацияның 11-і Палатаның сүйемелдеуімен құрылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін Агробіліктілік орталығымен бірлесе отырып, 33 оқу семинары өткізілді, оған шетелдік мамандар да қатысты», – деді ӨКП директоры.

Ол сондай-ақ, республикалық «Сауда озаты-2016» байқауында Кәсіпкерлер палатасы мамандарының қолдауымен «Арай» спорттық-ойын-сауық кешені мен Шиелі ауданындағы «Әбдіманап» базары жүлделі орындарға ие болғанын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер