astana-view

Ауыл кәсіпкерлері көмекке мұқтаж

2017 жылғы 12 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
7116 просмотров

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдардың 2016 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

13 аудандық филиалдың директорларымен өткен кездесуде Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі саласындағы жетістіктерді де, филиалдар жұмыстарындағы олқы тұстарды да атап өтті.

Көшбасшылар қатарында Алға, Мәртүк, Қобда аудандары аталды. Соңғысы жылды 66%-дық көрсеткішпен тәмамдаған, бұл дегеніңіз – мұндағы 9 арыздың 6-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді деген сөз. Мәртүк ауданында өткен жылы 14 арыз тіркелсе, соның 10-ы қанағаттандырылған. Ал Алға ауданының мүліктік құқықтық қорғаудағы жетістігі өзгелерге үлгі боларлық. Нақтырақ айтсақ, келіп түскен 10 өтініштің барлығы да кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы 3 614 676 теңге болған. 

2016 жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша барлығы 70 арыз қаралып, соның 57-сі (81%) оң шешімін тапқан.

Талдау қорытындысы көрсеткендей, шағымдар мен арыздардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларына, мемлекеттік кірістер органдарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар саласы сияқты құрылымдық бөлімшелеріне қатысты екен.

Жылды қорытындылаумен қатар, жаңа жылдағы негізгі бағыттардың жоспары талқыланды. Негізінен, мемлекеттік сатып алуларға, кәсіпкерлер мен жергілікті өндірушілерді қолдауға қатысты мәселелер көтерілді.

АӨК (ауылшаруашылық өндірістік кооперативі) құру жайы да сөз болды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен байланыс орнату, сапаға көшу және кооперативтер өндірген өнімдерді өткізу мәселелері талқыланды.

Аудандарда оқу семинарларын өткізу де әңгімеге арқау болды. ӨКП аудандық филиалдары директорларының пікірінше, пайда мен жоғарғы түсім алу мақсатында кәсіпорындардың жұмыстарын жандандыру үшін кәсіпкерлер бизнес-семинарларға қатысулары тиіс.

ӨКП Дуальды оқытудың жол картасын іске асыру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Мәселен, өңір бойынша 97 келесімшарт жасалып, 1507 қатысушы аталған жобаға қабылданған. Оған барлығы 89 кәсіпорын қатысқан, олардың қатарына өңірдің 23 колледжі кіреді. ӨКП Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Дәмел Құнанова атап өткендей, ауылдарды мамандармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр, оны кәсіпкерлермен бірлесе отырып шешу қажет. «Жақсы нәтижелерге жету үшін аудандардағы және ауылды жерлердегі жоғары сынып түлектерімен ең болмаса айына екі рет кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп атап өтті ол. Өз кезегінде аудандық филиалдардың директорлары қысқа мерзімді курстар өткізіп, шағын топтар құру қажеттігін мәлімдеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер