astana-view

Арал бизнесінің тынысы ашылды

2017 жылғы 12 Қаңтар
- Қызылорда облысы
9745 просмотров

Соңғы екі жылда «Қызылорда микробизнесі» жобасы аясында Арал ауданында жалпы құны 99,2 млн теңге болатын 20 жоба іске асырылуда

«Кәсіпкерлерге көмек ретінде бизнес-жоспарлар жасалып, жобаларға қаржыландыру кезеңіне дейін толық қолдау көрсетілді. Нәтижесінде аталған жоба ауданның 55 азаматын тұрақты жұмыспен қамтуға септігін тигізді», – дейді Кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов.

Раиса Байжанова – ауылдағы микронесиенің пайдасын көрген кәсіпкерлердің бірі. Оның айтуынша «Қызылорда микробизнесі» жобасы оның бизнесін кеңейтуге мүмкіндік берген.

Кәсіпкер осы уақытқа дейін наубайхана ашып, нан-бәліш өнімдерін өндірумен айналысып келді. Былтыр «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы алынған 7,5 млн теңгеге жаңа цех ашып, пеш құрылғысын сатып алған. Осылайша өндірісін кеңейткен. Бүгінде сатып алушыларға күніне 3 мыңға жуық нан өнімі мен 25 кг тоқаш (бәліш) пісіріліп, ұсынылады. 5 адамды жұмыспен қамтыған Раиса Байжанова болашақта цех жанынан кафетерий ашуды жоспарлап отыр.

«Арал ауданының тұрғындары жыл сайын кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды барынша тиімді қолданып жүр. Әсіресе пайызы төмен несие алып, сол арқылы өз бизнестерін ашқан тұрғындар саны арта түсті. Мысалы, тек былтырғы жылы Арал тұрғындары жалпы құны 357,8 млн теңгені құрайтын 88 жобаны іске асырды, бұл қаражатты олар түрлі қаржы институттарынан алған болатын», – дейді Кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер