astana-view

Өңірдің өз Туризм қауымдастығы бар

2017 жылғы 13 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
8604 просмотров

Ұйым туристік фирмалар мен мемлекеттік органдар арасында дәнекер болмақ

«Туризм жөніндегі қауымдастықты құру мәселесінің пісіп-жетілгеніне біраз болған. Бұл ұйым Ақтөбе облысы аумағындағы қонақүй және туристік инфрақұрылым кәсіпорындарының басын біріктіріп, олардың тиімді жұмыс жасауы үшін жағдай жасайтын болады. Біз туризм мен шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жасауға қатысамыз, саладағы үздік мамандарды марапаттаймыз», – деп хабарлады облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бауыржан Дарқұлов.

Туризм қауымдастығының басты мақсаты – туристік фирмалар мен жергілікті мемлекеттік органдар арасында пікір алмасу алаңын құру. Бұл іс-шаралар, ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламаларын, семинарлар және тағы басқа шараларды өткізу үшін ыңғайлы алаң болмақ.

Ақтөбе облысындағы туристік компаниялар өкілдері бүгін ерікті түрде дауыс беріп, қауымдастықты құрды. Алдағы уақытта қауымдастық олардың заңды мүдделерін қорғайтын болады, түрлі органдар олардың құқықтарын қорғап, туристік өнімді әлемдік аренаға шығаруға ықпал жасайды. Сонымен бірге, туристер клубы құрылып, клуб шеңберінде түрлі тақырыптық кештер ұйымдастырылады.

Қауымдастықтың басты мұраты – туристік кешеннің барлық саласындағы қызметтерді тиімді түрде жүзеге асырып, елімізде және шетелде Ақтөбе облысының туристік тартымдылығын насихаттау. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер