astana-view

Ғани Қасымов «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды

2017 жылғы 17 Қаңтар
10504 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2-ші дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» медалін ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов табыстады

Айта кетерлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекіткен «Өз ісіне адалдығы үшін» медалі өз қызметін үздік атқарған  тұлғаларға табыс етіледі.  

Ғани Қасымов «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңеске төрағалық етеді. Кеңес филиалдары елдің барлық 16 өңірінде жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі орталық кеңес пен оның өңірлік филиалдарында, Қазақстан бизнес-қоғамдастықтарының құқықтарын қорғаумен жоғары білікті 110 заңгер айналысады.

Кеңес құрамына елдің беделді азаматтары енген. Олардың арасында екі Мәжіліс депутаты, екі сенатор, Бас прокурордың орынбасары, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері бар. 

Үш жыл ішінде Кәсікерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 333 отырыс өткізді. Олардың 299-ы облыс орталықтарында ұйымдастырылған. Ал 2016 жылы Кеңес 108 отырыс жүргізіліп, оның 100-і ӨКП-да өткен. Қалған сегізі орталық аппаратта өтіп, оның бесеуі көшпелі отырыс түрінде болған.

Жалпы, ҚР ҰКП-ға бизнесті қорғауға қатысты 15 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 10 мың өтініш 2013-2015 жылдар аралығында (ҚР ҰКП Орталық аппаратына – 2 604 және ӨКП-ға – 7 407), ал 5 мыңнан астам өтініш (ҚР ҰКП Орталық аппаратына – 1 466 және ӨКП-ға – 3 953) биыл түсіпті.

Ұлттық палата заңгерлері жүргізген жұмыс нәтижесі бойынша, үш жыл ішінде, кәсіпкерлердің 41,7 млрд теңгеден астам мүлікке қатысты құқықтары қорғалған. Олардың 8,4 млрд теңгесі – 2014 жылы, 14,4 млрд теңгесі – 2015 жылы, 18,9 млрд теңге – 2016 жылы қорғалыпты. Олардың қатарында айыппұлдар, өсімақылар, мемлекеттік органдар қайтарған қаражаттар, бизнес қолында қалған мүліктердің құны да бар. Бұл – Ұлттық палата мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмысының нәтижесі.

Ғани Қасымов, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, медаль үш деңгейден тұрады: бірінші рет марапатталатын тұлға тек III дәрежелі медаль иесі атана алады. Келесі дәрежелі медальге тұлғаны ұсыну үшін, оның жұмысында бұрынғыдан да жоғары көрсеткіштер мен атқарылған жұмыс болуы шарт. II және I дәрежелі медаль бір тұлғаға, аталған медальді алғанына екі жыл өткеннен кейін ғана табысталады. Марапатты табыстау барысында, онымен бірге куәлік те ұсынылады. Медаль Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарынан кейін, кеуденің сол жағына тағылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер