astana-view

Жемқорлыққа жол беретін жағдайлар талданады

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Қызылорда облысы
8791 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік орган салықтық әкімшілік пен ветеринарлық қадағалау салаларындағы жемқорлықты анықтау мақсатында қоғамдық мониторинг өткізеді

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірге 2017 жылдың қаңтары мен сәуір айлары аралығында салықтық әкімшілендіру мен ветеринарлық қадағалау (қоғамдық мониторинг) саласындағы жемқорлықтың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатымен талдау жүргізеді.

Қоғамдық мониторинг ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімдеріне және жергілікті атқарушы органдар мен олардың ветеринария саласындағы ведомствоішілік ұйымдарының қызметіне қатысты өткізіледі.

Қоғамдық мониторинг барысында келесідей проблемалық мәселелер мен заңбұзушылықтар зерттелетінін болады:

– мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, салықтық әкімшілендіру және ветеринарлық қадағалау салаларында рұқсат құжаттарын беру кезінде;

– салық органының кешенді және тақырыптық тексерістерді тағайындауы және оларды өткізу кезінде;

– ветеринарлық инспекторлар мен ветеринарлық дәрігерлер нысандарда негізсіз тексерулер өткізген кезде;

– ветеринарлық тұрғыдан бақылануы (қадағалануы) (ЕАЭО ветеринарлық сертификаттары) тиіс тауарларды кіргізу/шығару кезінде;

– «жалған кәсіпорындармен» жасалған келісім бойынша жауапты салық төлеушілерге қосымша салық салынуға қатысты туындаған мәселелер;

–  салықтық әкімшілендіру саласында әкімшілік төлемдер тағайындау кезінде;

–  кәсіпкерлік субъектілеріне хронометражды зерттеу жүргізу кезінде;

–  акцизделетін тауарлардың айналымы кезінде;

– жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру кезінде, қоршаған орта эмиссиясы үшін және т.б.

Осыған байланысты ӨКП барлық қызығушылық танытқан кәсіпкерлік субьектілерін қоғамдық мониторинг өткізуге белсенді түрде қатысуға шақырады.

Сонымен бірге, заңбұзушылықтар немесе жоғарыда айтылған құзыретті органдар мен ұйымдардан құжаттар алу кезінде қандай да бір қиындықтарға  тап болған кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палатасына жүгінуі тиіс. Осы арқылы олар құжаттар алу процесі кезінде қолдауға ие болып, анықталған заңбұзушылықтар мен қоғамдық мониторинг аясындағы қиындықтарды жою мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қоса, ӨКП хабарлағандай, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының бірлі-жарым деректері (жекелеген жағдайлары) бойынша оларды қорғауға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Оның ішінде Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қызылорда облысы департаментіне, прокуратура органдарына, өзге де өкілетті мемлекеттік органдарға тексерістер жүргізу үшін, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын қоса алғанда, өзге де ықпал ету шараларын қабылдау үшін тиісті өтініштер жолданады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-777-423-43-43, 8-700-456-30-90, 8-701-112-64-88.

Ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: i.kim@palata.kza.kaiupova@palata.kzz.amirova@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер