astana-view

Тауарларды әкелу және әкету: кәсіпкерлер қызметінің алгоритмі

2017 жылғы 19 Қаңтар
62132 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлерге Алу тізіміне енгізілген тауарларды әкелу/әкету ережелеріне назар аударуға шақырады

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті Алу тізіміндегі тауарларды сатумен айналысып келе жатқан, отандық салық төлеушілерге электронды шот-фактураларды қолдану процесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуіне орай, ДСҰ аясында сырттан әкелінген, Алу тізіміне енгізілген 1347 тауар түрлеріне төмендетілген кедендік мөлшерлемелер қолданылып келеді (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТА) аясындағы барлық 97 тауарлар тобының 58-і, оның ішінде: ауыл шаруашылығы өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары және тағы басқа).

Осыған орай, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті хабарлағандай, 2017 жылы Алу тізіміне енгізілген тауар көлемі 2 175 қосалқы тауар түріне артады екен. Аталған тауарлар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО көлемінде қолданылып келе жатқан, Тауарларды кодтау және олар үйлестірілген, жүйелі сипат беру жүйесі талаптарына сай келеді деп есептелінеді. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда, тізімнің жаңа жобасына қосымша 10 тауар тобы енгізілген. Олардың қатарында ағаштан жасалған бұйымдар, қайта қалпына келтірілген қағаздар немесе картон, полиграфиялық өнеркәсіп бұйымдары, бағалы емес металдар және т.б. бар.

Осыған сәйкес, ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаментінде атап өткендей, «жаңа» тауарлардың басым көпшілігін қара металдар мен олардан жасалатын бұйымдар, механика және электр құрылғылары, медициналық қондырғылар мен өзге де құралдар құрап отыр. Осылайша, былтырғы жылдағыдай, тауарға салынатын баж салығы 1%-дан бастап 5%-ға дейін төмендетіледі екен.

Қазіргі таңда 2017 жылға арналған ҚР Алу тізімін бекіту туралы Еуразиялық экономикалық кеңес Қаулысы мақұлдау кезеңінде екен.

Осыған сәйкес, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екенін ескере келе, біздің ел Алу тізіміндегі тауарларды ЕАЭО-қа мүше өзге мемлекеттер аумағына шығаруға жол бермеу міндетін өз мойнына алды, деп хабарлайды ҰКП.

Одақ көлеміндегі серіктестіктер арасындағы аталған келісімді орындау мақсатында, Қазақстанда электронды шот-фактураларды беруге негізделген тіркеу жүйесі құрылды. Оған сәйкес, Алу тізіміндегі тауарлар, ҚР аумағынан тыс елдерге, Қазақстанға ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі (БКТ) мөлшерлемесіне сәйкес әкелінген жағдайда ғана шығарылады екен.

Одаққа мүше елдер аумағында Алу тізіміне енген тауарларды сыртқа әкетуге қажет қосымша талаптардың бірі – тауарға қосымша құжаттың болуы  болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі қос тауарға қосымша құжаттарды рәсімдеуді қарастыратын,  ҚР нормативтік-құқықтық базасына өзгертулер енгізілген. Олар: кедендік декларация және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара сауда жасау барысында берілетін электронды шот-фактура.

Осыған орай, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті, өкілетті орган болып табылатын ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында ҚР бизнес-қоғамдастығына ҚР ДСҰ-ға ену талаптары, импорттаушылардың, өндірушілер мен тасымалдаушылардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, электронды шот-фактураларды қолдану жөніндегі оқу семинарларын, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізді.

Айта кетерлігі, қолға алынған жұмыстар нәтижесінде, Алу тізіміндегі тауарларды тікелей шығару және оны сатумен айналысатын ауқымды аудитория қамтылды.

Сол себепті, кәсіпкерлер тағы бір мәрте, Алу тізіміне енген тауарларды әкелу/әкету ережелеріне назар аударса дейміз:

– Алу тізіміндегі тауарларды әкелу/әкетуде, кәсіпкер қолға алатын қызметтер алгоритмі:

1. Тізімдегі тауарларды әкелу барысында, тауар әкелінетін мөлшерлеме (БКТ немесе ДСҰ) көрсетілген кедендік декларацияны толтыру қажет;

2. Тізімдегі тауарды сату барысында, электронды шот-фактураларды рәсімдеу керек;

3. ЕАЭО аумағында тізімдегі тауарларды сыртқа шығару барысында, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары растаған, кедендік декларациялардың қағаз көшірмелері болуы тиіс. Құжат тауардың ЕАЭО БКТ мөлшерлемесіне сай және электронды шот-фактура  бойынша әкелінгенін дәлелдейді.

– Қазақстанда шығарылған, Тізімдегі тауарларды ЕАЭО елдері аумағына шығару барысында, кәсіпкер қолында келесі құжаттар болуы тиіс: 

1. Тауардың шығу тегіне қатысты СТ-1 түріндегі сертификаттың болуы;

2. Электронды шот-фактураның болуы;

3. СТ-1 және ЭШФ-ны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының растауы;

– Ветеринарлық бақылауға жатқызылатын тауарларды әкелу барысында және осындай тауарларды немесе олардан жасалған өнімді ЕАЭО елдеріне экспорттаған жағдайда: 

1. Ветеринарлық бақылауға жатқызылатын тауарларды ЕАЭО елдеріндегі бірыңғай ветеринарлық сертификат түріне сәйкес әкелу; 

2. Осындай тауарларды немесе Алу тізіміне енгізілген тауарларды әкелу барысында, ЕАЭО БКТ бойынша кедендік баж салығы мөлшерлемелерін төлеу; 

3. Тізімге енген тауарларды (ЕАЭО ережелеріне сәйкес әкелінген) ЕАЭО елдері аумағына шығару үшін, ветеринарлық сертификат болуы қажет және ол Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінде (БАБЖ) тіркелуі керек.

Экономикалық ықпалдастық департаменті, сондай-ақ, еліміздің ДСҰ-на қатысу аясында, ҚР-ның тарифтік міндеттеріне және электронды шот-фактуралармен жұмыс жасауға қатысты таныстыру және өзге де ақпараттар Палатаның palata.kz ресми сайтынының ДСҰ бөлімінде – ДСҰ-ғы ҚР тарифтік міндеттері бөлімінде бар екенін хабарлайды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес, электронды шот-фактураларды беруге қатысты талаптарға келер болсақ, 2016 жылдан бастап, ЭШФ өкілетті экономикалық операторлар, кедендік өкілдер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалары иелері, ҚР кеден ісі жөніндегі заңдарына сәйкес кедендік қойма иелері болып табылатын салық төлеушілер беруге міндетті.

ЭШФ-ды төлеуі міндетті болып табылатын, салық төлеушілердің екінші тобы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің  2015 жылдың 14 қазанындағы №59 Қаулысымен бекітілген және Алу тізіміне енген тауарларды сатумен айналысатын тұлғалар және импорттаушылар болып саналады.

Отандық салық төлеушілердің басқа топтарына қатысты, ҚР Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, ЭШФ-ны беру, ірі салық төлеушілер үшін – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өзге ҚҚС төлеушілер үшін – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлеу қарастырылған.

Алу тізіміндегі тауарлар айналымына қатысты сауалдарыңыз болса, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаментінің 8 (7172) 919 373 телефон нөміріне хабарласуларыңызды немесе dei@palata.kz электронды поштасына өз сауалдарыңызды жолдауларыңызды сұраймыз.

ДСҰ мөлшерлемелеріне қатысты ЕАЭО Кеңесі Қаулысының жобасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер