astana-view

«Центркредит банк» акциялары сатылады

2017 жылғы 23 Қаңтар
13703 просмотров

Кореялық «Kookmin Bank» қазақстандық «Центркредит банктегі» (ЦКБ) үлесін сатпақ

«The Korea Times»  басылымының хабарлауынша, жексенбі күні кореялық банк осы аптада Қазақстанда өтетін директорлар кеңесінде «Центркредит банктегі» акцияларын сату жөнінде келіссөздер жүргізеді деп хабарлайды Inform.kz.

«Kookmin Bank (Кукмин банк)» – активтер көлемі мен нарықтық капиталдандыру бойынша Оңтүстік Кореяның ірі банктерінің бірі. ЦКБ-де «Kookmin Bank» үлесі 41,9%-ды құрайды. ЦКБ 41,9 пайыздық үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған. Бүкіләлемдік банк тобына кіретін «IFC» халықаралық қаржы корпорациясы серіктес инвестор ретінде мәмілеге қатысқан. Корпорация ЦКБ-ның 10 пайыздық үлесіне ие. 2010 жылы 19 тамызда Корея қаржылық бақылау қызметі «Kookmin Bank» басшылары мен қызметкерлеріне банкті басқаруда жіберілген қателіктер мен келтірілген шығындар үшін айыппұл салды. Атап айтқанда, «Kookmin Bank» 2008 жылы – жаһандық дағдарыс кезінде ЦКБ акцияларын сатып алғаны үшін айыпталды. Соның салдарынан банктің бірінші жетекшісі Канг Чунг Вон 2010 жылы өз лауазымынан босатылды. ЦКБ Қазақстанның банк секторындағы үздік ойыншылардың бестігіне енеді. «Әлемдік қаржылық дағдарыс ипотекалық бизнеске белсене араласқан банкке өз залалын тигізбей қоймады. 2014 жылы Қазақстандағы теңге девальвациясынан кейін, ЦКБ-дағы «Кукмин» акцияларының құны одан әрі құлдырай түсті», – делінген мақалада.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер