astana-view

Кооператив құруда Германия тәжірибесі қызық

2017 жылғы 24 Қаңтар
8575 просмотров

Агробіліктілік орталығының өкілдері Берлинде өткен «Жасыл апта» жәрмеңкесі барысында немістің ауылшаруашылық кооперативтерімен танысты

Шараны ұйымдастырушылар – Германия федеративтік республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Германияның ауылшаруашылық машиналарын жасаушылар қауымдастығы және Ақмола облысы Чаглинка ауылындағы Неміс аграрлық орталығы, деп хабарлайды Fermers.kz. 

«Жасыл апта» – жәрмеңке ғана емес, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған бірегей платформа. Олардың ішінде су ресурстарын сақтау, топырақтың құнарлылығы, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе, балалар үшін, органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу және мал тұқымдарын жақсарту сияқты мәселелер бар. Дүниежүзілік көрмеге қатысушылар өз елдерінде өндірілген тауарларды таныстырды.

Көрме аясында Агробіліктілік орталығының өкілдері немістің «Trampe eG» ауыл шаруашылығы кооперациясымен танысып, ауыл шаруашылығындағы кооперациялардың тиімділігін талқылады.

Сондай-ақ неміс әріптестер органикалық өнімдер шығаратын «Экологиялық ауыл» жұмысын көрсетті. Айта кетерлігі, мұндай ауылдарда сүт өнімдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Жергілікті мамандар сүт өнімдерін өндіріп, әлемнің көптеген елдеріне экспорттайды.

Агробіліктілік орталығы Германияда көрген дүниелерін қазақстандық фермерлер мен ауылшаруашылық мамандарына жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, көрме аясында Германияның түрлі тарихи және мәдени жәдігерлері ұсынылған мәдени шара ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер