astana-view

«Атамекенде» субсидиялау мәселесі талқыланады

2017 жылғы 26 Қаңтар
2628 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысы өтеді

Оның жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнекәсіптік кешен комитетінің төрағасы Иван Сауэр, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, ҰКП мен Ауыл шаруашылығы министрлігі салалық департаменттерінің директорлары қатысады.

Онда:

1. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі жұмсаған шығындардың бір бөлігін субсидиялау ережелері талқыланады;

2. Мал мен ауылшаруашылық техникаларын лизингке алғаны үшін берілген сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ережелерінің жобасы талқыланады;

3. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және қаржылық құралдарға қатысты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бюджет қаржысын бөлу мәселесі қаралады.

Өтетін күні: 2017 жылғы 27 қаңтар, сағат 11:00.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8-үй, «Б» блогы, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, 26-қабат, «Түркістан» залы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер