astana-view

«Самұрық-Қазына Келісімшарт» қоры кәсіпкерлерге бейнесабақтар ұйымдастырды

2017 жылғы 30 Қаңтар
9545 просмотров

Енді алдын ала біліктілік іріктеуінен өту рәсімін Facebook бетінде үйренуге болады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен бірлесе отырып, отандық кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жалғастыруда.

Бұрынырақ айтылғандай, 2016 жылдың 25 шілдесінен бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының әлеуетті жеткізушілерін алдын-ала біліктілік іріктеу рәсімінен өткізуге кірісіп кетті.

Бұл механизм негізінде әлеуетті жеткізушілер Қор компанияларының алдағы сатып алуларына қатысу үшін аудиттің үш түрінің бірінен өтеді. Аталған құралды енгізу Трансформация бағдарламасын іске асыру аясындағы сатып алулардың жаңа үлгісінде қарастырылған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сатып алулар және жергілікті құрам департаментінің атқарушы директоры Ален Түлкібаев атап өткендей, алдын ала біліктілік іріктеуі отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттырады және оны жергілікті өнідірушілерді қолдаудың қосымша құралы ретінде қарастыруға болады.

Оған қоса, аталған жобаны іске асыру барысында алдын ала біліктілік іріктеуінен өту бойынша бизнес-қауымдастықта бірқатар сұрақтар туындайды. Осыған байланысты Ұлттық палата «Самұрық-Қазына Келісімшарт» компаниясымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 30 қарашасы мен 23 желтоқсаны аралығында әлеуетті жеткізушілерді іріктеу рәсімі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: еліміздің барлық өңірлеріндегі көшпелі семинарларға 500-ден астам кәсіпкер қатысты.

Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ұлттық палата мен «Самұрық-Қазына Контракт» Facebook әлеуметтік желісі арқылы кәсіпкерлерге арналған оқу бейнесабақтарын іске қосу туралы шешім қабылдады.

Оқу Facebook парақшасында мына мекен-жай бойынша https://www.facebook.com/pko2017/ 28 қаңтар күні басталды.

Қатысу үшін мына мекен-жайға https://goo.gl/forms/lQ1Ya1Rw3JRiPIoq1 жазылып, Google форманы толтыру қажет.

Вебинарлар алдын ала біліктілік іріктеуінің ақпараттық жүйесінде pko.skc.kz мекен-жайы бойынша тіркелген әлеуетті жеткізушілер үшін өткізіледі. Тіркелу тегін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер