astana-view

Бизнесмен болғысы келетіндерге

2017 жылғы 01 Ақпан
- Алматы қаласы
8151 просмотров

Бизнес-мектептерде сабақ басталды

Алматы Кәсіпкерлер палатасы бизнес-мектептерде 2017 жылғы сабақтардың басталғаны туралы хабарлайды. Шағын және орта бизнес субьектілері, сондай-ақ, экономиканың барлық секторларындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар тегін оқытылады. Оқу аяқталған соң, тыңдаушыларға тиісті сертификаттар беріледі.

«Бизнес-мектеп» жобасы үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – Бизнес-кеңесші. Екі күндік оқу курсы бизнес бастап, оны жандандырғысы келетін кәсіпкерлердің білім деңгейі мен дағдысын арттыруға бағытталады.

Екінші кезең – Жобалық оқу. Тәлімгерлік қағидасын қолдану арқылы жүзеге асырылатын екі айлық курс шынымен де өз бизнесін ашуға шешім қабылдағандарға, сонымен қатар өз бизнесі бола тұра, жаңа бағытқа бет бұрғысы келетіндерге көмек болмақ.

Онда үй салу, ақпараттық жүйе құру, инвестициялық жобаны іске асыру, кең ауқымды іс-шаралар өткізу сияқты бірегей өнімдер мен қызметтер қамтылады. Оқу курсының мақсаты – жобалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тәжірибені игеріп, қатысушыларды соған дағдыландыру. Оны жүзеге асырғанда барлық тараптың (Инвестор, Тапсырыс беруші, Жобалық команда/Жеткізуші) тәуекелі ескеріледі.

Бұл білім мен дағды кәсіпкерге жобаның барлық кезеңдерінде (бастау, жоспарлау, жүзеге асыру, аяқтау) кәсіби түрде жұмыс жасап, жобалық мақсатты толық орындауға мүмкіндік бермек.

Үшінші кезең – Биснес-өсу. Бес тренингтен тұрады. Бұл курс тек кәсіпорын басшыларына ғана арналған. Аталмыш жобаның мақсаты – өндіріс процесі барысында барлық ресурстарды (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) тиімді басқаруға керекті білім беріп, соған сай дағды қалыптастыру.

Бизнес-мектептердегі оқу курстарын іскерлік ортада жұмыс жасаған, бұған дейін де тренингтер өткізген, сертификациядан өткен тәжірибелі бизнес-тренерлер жүргізеді.

Тренингке мына мекенжай арқылы жазыла аласыздар: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111-үй, 502-кеңсе. Телефон нөмірі: 225-18-30, ішкі – 7556. Тренингтер мына мекенжайда өткізіледі: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 160-үй, Жолдасбеков көшесінің қиылысы, 307-кеңсе.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер