astana-view

Қазақстан әлемдегі ірі аграрлық өнім өндірушілердің біріне айналуы әбден мүмкін

2017 жылғы 02 Ақпан
6432 просмотров

«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС бас директоры Қанат Тапаев Мемлекет басшысының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы болашағы жарқын  деген пікіріне қосылады

«Елбасы Жолдауымен танысу барысында, еңбек өнімділігін арттырып, Қазақстанда өндірілген өнімдердің экспортын дамыту қажет деген бірнеше тұсын түртіп алдым», – дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар Елбасы өз Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек екенін айтқан болатын.

«Елбасының Қазақстанның болашағы жарқын деген пікіріне толықтай қосыламын. Біз көптеген ауылшаруашылық өнім түрлерін өзімізде өндіргендіктен, әлемдегі ірі экспорттаушылардың бірі бола аламыз. Шикізат өндірісінен қайта өңдеу саласына өтіп, сапалы өнімдер шығарсақ, халықаралық нарықта бәсекеге төтеп береміз. Қазіргі таңда бізге Еуразиялық одақтың, Дүниежүзілік сауда ұйымының ірі нарықтарына жол ашылды. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілері үшін Қытай нарығына шығуға мүмкіндік мол. Жолдауда айтылғандардың барлығы Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған  елдің қатарына қосылуына мүмкіндік береді, бұл Стратегия-2050 бағдарламасының негізгі  мақсаты », – деп қорытындылады Қанат Тапаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер