astana-view

Еуразия трансқұрлықтық дәлізі: Азия мен Еуропаны жалғағанда...

2017 жылғы 03 Ақпан
7956 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Азия мен Еуропа арасында «алтын көпір» орнату мәселесі талқыланды

«Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Дина Мамашева, Мемлекет басшысының 65-қадамын жүзеге асыру аясында, көліктік-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыру айрықша маңызды екенін атап өтті. Биылғы Жолдауда да отандық транзиттік-экспорттық әлеует көкжиегін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінгені белгілі.

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңында көрсетілгендей, ҰКП қызметтерінің бірі инвестиция тартқан райда, өткізу нүктелері инфрақұрылымы құрылысы мен пайдаланымын қамтамасыз етуге қатысу болып саналады. Аталмыш мақсатта, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «KTZ Express» АҚ, қол қойылған меморандум шеңберінде ішкі терминалдық желілер құрылысына қатысты бірлескен жұмыстар жүргізуде.

«KTZ Express» компаниясының өкілдері мультимодальдық көлік жолдары еліміздің транзиттің әлеуетін дамытуды тың серпін сыйлайтынына сендірді.

Жаңа байланыс жолдары Қазақстан Республикасы үшін бәсекелестік нарығында теңдессіз мүмкіндіктер әкелмек.

«KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Қайрат Тапалов көлік және логистикасы саласындағы жобалар жайлы таныстырылым рәсімін жасау барысында, Астана қаласында іске қосылған алғашқы «А» сыныпты терминалдың көліктік-логистикалық орталықтардың табысты үлгісіне айналғанын жеткізді. Ал ағымдағы жылы болса, мұндай нысан Шымкент қаласында қолданысқа тапсырылып, жақын аралықта Ақтөбеде де бой көтермек. Осы орайда, Қайрат Тапалов, ықтимал инвесторлар тарапына, KTZ Express Ақтөбедегі орталық бойынша жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

«KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директорының орынбасары Белмаши Хишам, өз сөзінде, «Қорғас-Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағы жайлы әңгімелеп, ірі өңірлік хабтың Қытай мен Еуразиялық одағы, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдері тауар ағымының қиылысында орналасқанын еске салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер