astana-view

Қазақстанда медициналық техника бағасы қалай белгіленеді?

2017 жылғы 22 Ақпан
8536 просмотров

«Атамекен» алаңында медициналық техника шығарушылардың мәселесі талқыланды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы жетілдіру жөнінде жинақталған шешім шығару бойынша жиын өтті. Өндірушілердің баға ұсыныстарын отандық өнімдердің ерекшеліктерін ескере отырып бағалау механизмін енгізу ұсынылды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «СК-Формация», «ҚазМедТех» және өзге де бизнес өкілдері қатысты, сондай-ақ өңірлермен онлайн-режимде байланыс орнатылды.

«АктюбРентген» АҚ Қаржы жөніндегі департаментінің басшысы Амар Сабыржанов қолданыстағы механизмдегі өзгертулер туралы ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, барлық негізгі шығындарды тікелей өндірілетін және қосымша шығындар деп есепке алу керек. Сонымен қатар, сараптауда инфляция көрсеткішін де, теңге бағамына қатысты негізгі валюталар бағамының өзгеруін де ескерген жөн.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын «ҚазМедТех» АҚ құрамынды импорттық және қазақстанды үлес деп бөлуді ұсынды. Импорттық тауарды бағалауда осы қолданыстағы механизмді қалдырып, ал тексеру мақсатында аудит есептерінде қазақстандық үлесті сұрау керек.

Қазақстанның көптеген өндірушілері «ҚазМедТех» ұсынған бұл әдіспен келіспеді, себебі отандық кәсіпорындардың барлығы да аудитке жатады. Мұнымен қоса, бұл бизнесті қосымша шығынға ұшыратады.

Отандық тауар өндірушілердің айтуынша, аудит туралы мәліметтерді пайдалану шынайылықты көрсетпейлі, себебі аудит туралы есепте тарихи мәліметтер бар, ал бағаларды болашақ жеткізілетіндерге анықтау керек.

«ҚазМедприбор» компаниясынан процедураны жеңілдету туралы ұсыныс түсті, бұл ұсыныспен өндірушілердің басым көпшілігі келісті. Ұсынылған тұжырымдама компания қызметі туралы мәліметтерді толық беруді көздеген, бұл қағазбастылыққа апарады және ол құжаттардың тексеру мерзімін ұзартады.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы м.а. Лариса Пак процедураны азайту қажеттілігі туралы пікірмен келісіп, дәрілердің бағасын тіркеу механизімінен мысал келтірді.

«Қарапайым жолды ұсынамын. Басында біз дәрі-дәрмек бағасын тіркеуге келістік, олардың тарихи және хронологиялық көрсеткіштерін есепке алдық – олардың қаншалықты тыянақталғанын білу үшін өткен жылдардағы бағасын қарадық. Сонымен қатар, баға белгілеуге әсер еткен факторлар да ескерілді», – дейді Лариса Пак.

Ұлттық палата өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін қолдануды ұсынды. Белгілі бір баға индексін қарауда айтылды. Әкілетті орган кәсіпкермен бірге бағаны қай уақытта көтеру керектігі туралы талқылау керек (мысалы құнсыздану, жаңа технологияны қолдауны және т.б.). «ҚазМедТех» қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін бұл нұсқаны қарауға ниетті.

Жиында шешімі кезек күттірмейтін тағы бір мәселе көтерілді. Ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойғанда 2015 жылдың аяғында өндірілген отандық медициналық техника «ҚазМедТехтің» қолданыстағы механизмі бойынша сараптамадан өткен. Құнсызданғаннан кейін баға қайта қаралмаған. «Атамекен» бұл мәселені бірнеше рет көтергенімен, шешімін тапқан жоқ. Нәтижесінде қиын жағдай орын алды, медициналық мекемелерден ұзақмерзімді келісімшартта көрсетілген жабдықтарға тапсырыс түскенімен, өндірушілер олардың сұранысын орындай алмайды, себебі бұл оларға тиімсіз.

Талқылау қорытындысында таяу арада қолданыстағы бұйрыққа отандық өнімге қолданылмайтын баға белгілеуді өзгерту турады шешім шығарылды. Сонымен қатар шығарылатын өнімнің қатарын кеңейту мәселесі мен оқшаулау мүмкіндіктері қарастырылды.

«Атамекен» ҰКП өндірушілерге Қазақстан территориясында бұған дейін шығарылмаған өнімді оқшаулау мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Осыған орай ҰКП бизнестен ұсыныстар күтеді және қолданыстағы заңнамада қандай кедергілер бар екенін, мемлекеттік қолдаудың қандай мүмкіндіктері бар екенін бірлесіп қарауға ниетті.

Сонымен қатар жиын барысында медициналық мекемелер медициналық техника сатып алған уақытта техникалық сипаттамада белгілі бір параметрлерді қоятындығы, көп жағдайда нақты импорттық өнім шығарушыларды  бекітетіндігі талқыланды. Қолданыстағы заңнамада бұған рұқсат берген. Бұл отандық тауар өндірушілердің мүддесі шектейді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сатып алуларда жеткізушілерге теңдей мүмкіндік беру үшін медициналық техника сипаттамасына стандартты тәсіл қолдануды ұсынды. Бұл ұсынысты қатысушылар қолдады. Уәкілетті орган өкілдерінің айтуынша, бұл мәселе қаралуда, стандартты тәсіл ҰКП және бизнес өкілдерімен келісіліп жасалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер