astana-view

Жұмыс берушілер үшін жарналар азайтылады

2017 жылғы 22 Ақпан
7640 просмотров

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар 1 шілдеден бастап салынады, олардың көлемі азайтылған  

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдармен бірлесіп 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған Елбасының Халыққа Жолдауында белгіленген тапсырмаларды орындау аясында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және халықтың дәрі-дәрмектерге қол жетімділігін қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмыс атқарп жатыр.

Елбасы Жолдауында 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтыны айтылған болатын. Бұл жүйе әлемдік тәжірибеде тиімді болып саналады. Сондай-ақ, Елбасы заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді тапсырған болатын.

Осы бағытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде кәсіпкерлерге түскен қаржылық ауыртпалықты жеңілдету үшін жұмыс берушілер төлейтін аударымдар мөлшерін азайтуға қол жеткізді.

 «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша кәсіпкерлердің аударымдарын 2017 жылдың 1 шілдесінен есептеу нысанынан аударымдардың – 1%, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3% етіп бекітуді ұсынамыз», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 Бұл ұсыныс Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсалық сақтау мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында  21 ақпан күні өткен Үкімет отырысында қолдау тапты. 

 Министр қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі сатып алу кезінде дұрыс қаржыландырмау салдарынан орын алып отыр деп мәлімдеді.

 Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін назарға ұстап, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша қолданыстағы тәртіпті өзгертуді ұсынды. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша ұсынылған жаңа моделді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) аясында, бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдары қатысуымен талқылайтын болады. Бұл талқылау халыққа дәрі-дәрмектерді қол жетімді етуге септігін тигізеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер