astana-view

Кәсіпкерлікке жетелейтін апталық

2017 жылғы 07 Наурыз
- Қызылорда облысы
14327 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қыз келіншектер арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған апталық ұйымдастырды.

«Қазір қыз-келіншектер арасында өз ісін ашып, кәсібін жүргізгісі келетін жандар қатары артты. Алайда олардың басым бөлігі кәсіпті қалай ашу қажеттігін, неден бастау керек екендігін білмей жатады. Сондықтан да мереке қарсаңында аймақтың қыз-келіншектеріне тегін «Әйелдерге арналған кәсіпкерлік апталығын» жарияладық. Ең бастысы шараның нәтижесі ретінде облыстағы іскер қыз-келіншектермен танысып, әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік болады», ­– деп түсіндірді Қызылорда облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова

Апталық барысында қыз-келіншектер көпшілік алдында еркін сөйлеуді, сәнді киініп, әрленуді үйреніп, кәсіпкерлік негіздерінің алғышарттарымен танысады. Сонымен қатар шара барысында бухгалтерлік есептеу жолдары, балабақша, сұлулық салоны, медициналық клиника немесе кондитерлік бизнесті қалай ашуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсету жоспарланған.

Шараға қатысушылар «Бизнес-кеңесші», «Бизнес өсу», «Жобалық оқыту», «Іскерлік байланыстар» бағдарламаларымен, сондай-ақ бизнесті қаржылай емес қолдау тетіктерімен танысады.

Облыстағы бизнес саласының өкілдері аталған шараны ұйымдастыруға, өз тәжірибелерімен бөлісуге белсенді ерекше белсенділік танытып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер