astana-view

Медицинаның қымбатшылығы кімге тиімді?

2017 жылғы 17 Наурыз
- Алматы қаласы
5512 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігімен бірлесіп  жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алулардағы үлесі бойынша комиссия отырысын өткізді

Отандық медицина құралдарын шығарушылар қаланың ауруханалары мен емханаларында шетелдік қымбат емдік құрылғылар жұмыс істемей, бос тұрғандарын айтты. Ал отандық компаниялар болса өз өнімдерін әлде қайда арзан бағада беріп, сонымен қатар кепілдеме мен сервистік жөндеу жұмыстарын да ұсынып отыр.

«Біз алматылық компаниямыз, медициналық оттегі станцияларын жасап, ота жасалатын, жансақтау бөлмелерін жабдықтап, емдік газбен қамтамасыз жүйесін орнатамыз. Біздің өнімді бүкіл Қазақстан мен алматылық жекеменшік емханалар сатып алады. Ал туған қаламызда жағдай өте мүшкіл, бізді мемлекеттік мекемелер көргісі келмейді. Қалалық аураханалар мен емханалар шетелдік құрал-жабдықтар сатып алғаны туралы бізге мәлім, алайда сол құрылғылар жұмыс істемейтін болып шықты. Негізінде шетелдік техника кем дегенде 15 жылға дейін қызмет жасау керек. Ендігі кезекте сол техникаларды іске қосу үшін күрделі жөндеу жұмыстары керек. Міне, енді осындай бір кешенге жөндеу жүргізу үшін, біз санап көрдік, 18  млн теңге қажет. Мұндай оқиға Перинатология орталығы мен балалар хирургиясында орын алған. Жөндеуге кететін ақша салық төлеушілердің еңбегі емес пе?» – деді «Медремзавод» ЖШС бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов.

 Алматы кәсіпкерлер палатасы жанындағы комиссия 2016 жылы Алматы қаласының Денсаулық басқарамы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін 45%-ға өсіре алатынын алға тартты.  

Отандық нарықта шығарылатын медициналық препараттар мен  құрал-жабдықтар тізбесі бұл межеге жетуге мүмкіндігі бар-ақ. Кейбір мекемелер толығымен отандық өндірушілер өніміне көшкен. Мәселен, №2 Қалалық мамандандырылған балалар үйі, Арнайы медициналық жабдықтау базасы, «Алатау» қалалық ауруханасы бізге тапсырыс береді. Алайда мемлекеттік меклмелердің  басым бөлігі отандық өндірушілерді елемейді. «2016 жылы дансаулық сақтау жүйесіне бөлінген мемлекеттік сатып алулалар көлемі 41 млрд 395,2 млн теңгені құрады. Оның 15 млрд 167,5 млн ғана отандық қамтудың үлесі. 2017 жылға мемлекеттік сатып алуларкөлемі 53 млрд 344,5 млн теңгені құрайды деп болжануда. 768,3 млн теңге көлемінде келісім-шарттар жасалып қойды. Мәселен, медициналық дәрі-дәрмектің 47 түрі отандық өндірушілерінен сатып алынады. Бұл көрсеткіш жалпы соманың 24%-ын құрайды», – деп есеп берді  Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқарамасы басшысы орынбасары Қалима Базарбаева. Гер айтылған есептен асханалар жайлы сандарды жәнен медицина қызметкерлерінің жалақыларын алып тастаса, шенеуниктер статистикасының жағдайы тым мүшкіл болады. «Сіздер мемлекеттік сатып алулар жоспарын көрсетіңіздерші. Біз соған қарап отанлдық тауар өндірушілерге бағдар берелік. Кәсіпкерлер қай салада қанша өнім шығару керек екенін білулер қажет. Міне, жаңа жылдың бірінші тоқсаны аяқталуыға жақын, ал кәсіпорындар әлі де әліптің артын бағып отыр. Шетелдік компаниялардың сұраныстарына қарай тендерлерді бейімдеуді доғару керек», – деп шамданды Юрий Тілеумұратов.

Денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауарлардың  үлесі былтыр 10%-ға өскен. Қазақстандық тауар өндірушілер жергілікті тауарларға сұраныс артса, нарықтағы бағалар арзандайтынын айтып отыр. Осылайша компаниялар тауардың түр түрін шығарып, құрал-жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік алады.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер