astana-view

Жаңа салық кодексінде бизнес пікірі ескеріледі

2017 жылғы 18 Наурыз
11858 просмотров

«Атамекен» салықтық әкімшілікті жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарды талқылауға салды

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен іскерлік белсенділікті, инвестицияларды ынталандыру мен көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға арналған жаңа Салық кодексі жасалып жатыр. Сонымен қатар, бизнеске салынатын салықтық жүктеменің көбеюіне жол бермеу тапсырманың ең басты бөлігі болып табылады.

Бұл сауал Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен парламенттік тыңдалымның «Теңдестірілген және ашық бюджет – елдің тұрақты әрі табысты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» тақырыппен өткен күн тәртібіне шығарылды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев бизнеске салынатын салық жүктемесінен бөлек, еңбек төлемінің қорына қатысты жүктеменің өсуі, бюджеттен бөлінетін қаражат шығынының тиімсіз қолданылуы, МЖӘ жобаларының жүзеге асырылуындағы қиындықтар мен бизнестің жекешелендіруге қатысуын ынталандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтерді.

Нұржан Әлтаев ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы бизнеске қатысты шамамен 10 мың салықтық тексеру жүргізілгенін атап өтті. «2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салықтық түсімнің 23,3%-қа артқаны байқалады. Бірақ бұл көрсеткіш шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігінің төмендеуінен артып отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес саны 4,6%-ға азайған, сәйкесінше өнім шығарылымы да 6,9%-ға төмендеді. Оның үстіне салық органының қызметкерлері Салық кодексін өздерінше түсіндіреді, шын мәнінде бұл тексерулер мен үстеме аударымдардың есебінен бизнесті қыспаққа алды. Былтырғы жылы бір ғана тексеруден 54,6 млн теңге түскен, яғни ел бойынша үстеме аударым шамамен 550 млрд теңге. Салық кодексі, ең алдымен, кәсіпкерлер үшін барынша қарапайым әрі түсінікті ете отырып, әкімшілік басқаруды түбегейлі өзгертуі тиіс», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Ұлттық палата Салық кодексін құрастыру бойынша ҚР Ұлттық экономикасы жанынан құрылған Жұмыс тобына белсенді қатысып келеді. «Атамекен» Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда арнайы салық тәртібін реформалау, ҚҚС алу механизімін жетілдіру мен тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау анағұрлым тұжырымдамалық мәселелер болып табылады.

Маңызды тапсырманың бірі еңбек төлемі қорына жүктемені арттыру жоспарлау мәселесін шешу болып табылады. Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемң енгізілетін болады. «Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай әлеуметтік төлем бойынша салықтық жүктеме жалпы 10%-ға өспек. Біз жұмыспен қамтуды заңдастыру үшін еңбек төлемі қорына жүктеменің өсуі айтарлықтай кедергі болады деп есептейміз», – деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

«Қаржы министрлігі бюджетті толықтыру мен салық жиналуына жұмыла кіріскенін түсінеміз, сондықтан салық жүктемесін азайту мәселесі талқыланбайды. Мұнымен қоса, бюджеттің шығын бөлімінде салық жүктемесін сақтандыру немесе азайту үшін маңызды сақтық қорды да байқап отырмыз. 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шығындарды 31% арттыруды қарастырып отыр, 2012 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық бюджеттің шығыны 93%-ға, немесе 5,4 трлн теңгеге өскен. Біз мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатқан көп бағыттар бар деп есептейміз, оның ішінде дамыту институттары мен ұлттық компаниялар арқылы бөлінетін шығын бар. Егер жүргізілетін шығын құнының баламасы туралы айтар болсақ, онда 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің арнайы салық тәртібін қолданатын 900 мыңнан аса субъектісі 94 млрд теңге салық төлеген. Бұл «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингісіне биылғы жылы бюджеттен бөлінетін қаражатынан шамамен 1,5 есе аз», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жекешелендірц мен МЖӘ мәселесі бюджетті қысқартуға арналған тағы бір сақтық қоры болып табылады. Бүгінде мемлекеттің экономикадағы үлесі ауқымды, мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындарды қолдауға бюджеттің қаржысы айтарлықтай көп жұмсалады. Ауқымды жекешелендіру, сондай-ақ МЖӘ механизмдері бюджетке түсетін салмақты азайтуға және жеке меншік капиталды тартуға ықпал етеді.

«Бұл турады халықаралық сарапшылар да, бағалаушылар да Қазақстан экономикадағы мемлекеттің үлесі айтарлықтай жоғары екенін айтып отыр. Бүгінде мемлекеттік меншік шамамен 7 000 коммуналдық мекеме мен республикалық меншікте қызмет атқарады. Оның ішінде айтарлықтай бөлігін жеке меншік сектор басқаруға әлеуетті. Осы мақсат үшін мемлекет пен бизнестің өзара қарапайым әрі түсінікті іс-қимыл механизмдерін жасау маңызды. Бизнес жекешелендіруде айтарлықтай белсенді қатысу үшін отандық инвесторларды қосымша ынталандыру тәсілдерін қарастыру керек. Айталық, сенімді басқару, бөлім төлеуге сату және тағы басқалар», – деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

Одан кейін бүгінгі күні жобаларды тәжірибеде іске асыру қиындап отырған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесі айтылды. Мемлекеттік органдар іске асырудың түрлі кезеңінде тұрған 300-ден аса МЖӘ жобасын таныған. Оның ішінде бірқатар жобалар барлық процедуралардан өткен және келісім шарттары жасалған.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы қолданыстағы заңнаманың осңғы 10 жылдық қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жобаларға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы мен тиімділігіне толық сараптама жүргізу қажет. «Өтемақылық төлем түрінде төленген қаржыға, сондай-ақ жобалық құжаттама бөлінген, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жүргізілген сараптамаға жұмсалған қаражатқа сараптама жүргізу керек. Мысалы, Жамбыл облысының жеке меншік консалтингтік компаниясында жоба тұжырымдамасының ең төмен құны – 5 млн теңге. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясыда 9,5 млн теңгені құрайды. Тағы бір мысал келтірсек, Ақмола облысындағы үш үйдің қайтары құру жобасы бойынша әрқайсысы 12 млн теңге тұратын үш тұжырымдама дайындалған. Оны жергілікті атқарушы орган төлеген. Мұнымен қоса, тұжырымдама мазмұнында айтарлықтай өзгеріс болмаған, олардың өзара ұқсастығы орын алған».

Ұлттық палата мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып отырған, оның ішінде дамыту институттары мен ұлттық компаниялар арқылы кететін көптеген бағыттар бар деп санайды. «Біз бизнеске түсетін салық жүктемесінің көбеюуіне жол бермеу туралы айтқанда, мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттемелері бар екенін айтамыз. Біздің көзқарасымызша, бюджет қаржысын тиімді пайдалану мен мемлекеттік жоспарлауға бақылауды күшейту бағасы маңызды сақтық қоры болып табылады», – деп қосып өтті Нұржан Әлтаев.

Осыған орай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар ұсыныстарды талқылауға салды:

Бірінші. Мемлекеттік жоспарлау мен жергілікті атқарушы органдар шығынын жоспарлауға бақылауды күшейту. Оның ішінде инвестициялық жобаларын, МЖӘ жобаларын, сондай-ақ сатып алулар мен мемлекеттік тапсырысты жоспарлау қадағалануы керек.

Екінші. Қоғамдастықты барынша араластыра отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне түгендеу жүргізу.

Үшінші. Бюджет арқылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың толық тізімі туралы ақпаратты, оның сол уақыттағы жағдайын, деңгейін және т.б. көрсете отырып, қоғамдастыққа қолжетімді ету керек.

Төртінші. Басымдықты, қаржылық және экономикалық тиімділікті, инвестициялық жобалардың шығыны мен табысының ара салмағын анықтау белгілеріне сараптама жүргізу. Тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды тоқтату.

Бесінші. Ұзақмерзімді сервистік келісімшарттардың, МЖӘ механизмерінің есебінен мемлекеттік тапсырысты орындауда жеке меншік секторды барынша ынталандыруға әрі тартуға.

Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бюджет қаражатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің жұмсау тиімділігін бағалауға белсенді атсалысуға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер