astana-view

Гербицидтерді өндірушілер мен тұтынушылардың назарына!

2017 жылғы 29 Наурыз
6809 просмотров

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаменті Еуропалық одақтан шығатын гербицидтерге қатысты демпингке қарсы тексеру 2017 жылдың 16 қаңтарында басталғанын хабарлайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықты қорғау департаменті Еуразиялық одақтан шыққан және ЕАЭО кедендік аумағына жеткізілетін гербицидтерге (код 380893 ТН СЖҚ ЕАЭО) қатысты демпингке қарсы тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған

ЕАЭО туралы Келісімшартқа сәйкес мүдделі тұлғалар ЕЭК департаментіне өз пікірлері мен тексеруге қатысты мәліметтерін жазбаша түрде, орыс тілінде, жасырын және жасырын емес нұсқада жолдауға құқылы.

Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тауардың өндірушілері, тұтынушылары, сондай-ақ ипорттаушылары мүдделі тұлға ретінде танылады.

Өндірушілер мен тұтынушылар өз мүдделерін қорғау мақсатында тексеруге жататын құжаттары мен мәліметтерін көрсетулеріне болады, уәкілетті органмен және өзге де тексеруге қатысушыларм кеңесуге қатыса алады.

Экономикалық интеграция департаменті тексеру аясында келесідей айғақтар бекітілгенде тауарға демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін екеніне назар аударады:

- тауар ЕАЭО-ға демпингтік баға бойынша жеткізіледі;

- Одақтың экономикалық салалары материалдық зиян келтіреді немесе сондай нұқсан келтіру қаупі бар;  

- демпингтік импорт мен Одақтың экономикалық саласына келтірілген материалдық нұқсаны арасында себептік-тексеру байланысы бар.

Осыған орай, ақпарат беру мен ынтымақтастық тексеру қорытындысын шығаруда аса маңызды фактор болып табылады, себебі олардың болмауы жағымсыз нәтижеге ұрындыруы мүмкін, атап айтқанда ЕЭК департаментінің құзырында бар өзге негізде алдын ала және соңғы қорытындыны шығару.

Еуропалық одақтан импортталатын гербицидтер көлемі Қазақстан Республикасындағы жалпы импорттың 30% құрайтынын (25 млн АҚШ долларының сомасына 3,8 тонна), сондай-ақ Қазақстанда гербицидтер шығарылатынын  назарға ала отырып, жүргізілетін тексеру қорытындысы қазақстандық гербицидтер нарығының қызмет жағдайына әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты, демпинге қарсы тексеру барысында маңызды ақпарат пен ұсыныстар болған жағдайда «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің жолдауды сұраймыз: 8(7172) 919 373, e-mail: dei@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер