astana-view

Бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру – күн тәртібінде

2017 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5076 просмотров

Өндірістегі қауіпсіздік бойынша мамандарды мемлекеттік аттестациялаудан өткізуді бизнес өз міндетіне алуға дайын  

Өңірде өндірістік қауіпсіздік саласында мамандарды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті көтеру бойынша 100-ден астам орталықтары жұмыс істейді. Біліктілікті көтеру орталықтардың  15-нің басшылары  Индустриалдық даму мен өндірістік қауіпсіздік комитеті мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшыларымен бас қосты.

Палата алаңында департаменттің «Өндірістік қауіпсіздік бойынша емтихан өткізетін комиссиялар мен басқа да заңды тұлғалардан міндеттемелерді қабылдау» функцияларын бәсекелестік ортаға беру үдерісі талқыланды. Бұл жаңашылдықты бизнес өкілдері оң қабылдап, бұл жауапкершілікті алуға дайын екендерін білдірді. Дегенмен, кәсіпкерлер өз талаптарын да айтып үлгерді. Негізгі талап – үшеу. Бірінші – Индустриалдық даму мен өндірістік қауіпсіздік комитеті өкілдерін аттестаттау комиссиясы құрамына енгізу; екінші –  компанияларға нақты әрі қатаң талаптар легін дайындау, үшінші – оқытудағы ресмиліктен қашу үшін оқу орталықтардың жауапкершілігін қадағалау.

Департамент өкілінің айтуынша, мемлекеттік мекеме әркез реттеуші рөлін атқаратын болады. Жуық арада басқосуда кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстарды мемлекеттік орган қарап, жүйеге келтіріп сәйкес Министрлікке жолдайтын болады. Айт кетелік, аталмыш жұмыс «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-қадамы аясында жасалып отыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер