astana-view

Жауапсыз тапсырыс берушілердің арызы расталмады

2017 жылғы 11 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
8077 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық филиалы мамандары сотта кәсіпкер беделін қорғап қалды

Светлана Кабдулина кәсіпкерлік саласында алты жыл қатарынан еңбектеніп келеді. Өзіне дүктелген міндетті сапалы әрі уақытында орындауға машықтанған. Кәсіпкердің айтуынша бүгінгі күнге дейін жұмысына қатысты сын мен шағымдарды естімеген. Дегенмен, осы жолы Светлана Кабдулина жеке құқығын қорғау үшін Палата көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Кәсіпкерге мемлекеттік сатып алуларға алақол қатысушы деген айып тағылып жатыр.

«Ломоносов атындағы даму бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат» коммуналдық-мемлекеттік мекеме азық-түлік жеткізу бойынша тендер жариялаған болатын. Светлана Кабдулина тендерге қатысуға өтінім берген. Байқау қортындысы бойынша іскер әйел жеңімпаз болып танылды, алайда келісімшартқа отыру үшін кәсіпкерлер мектеп басшылығына барғанда тендер шарттарының өзгергенін білген. Осы ретте құжаттарға қол қоюдан кәсіпкер бас тартады, ал тапсырыс беруші кәсіпкерді әділетсіз орындаушы деп таниды.  

ҰКП кеңесшісі кәсіпкерге СҚО-ныі ауданаралық Сотына өтініш хатты жазу бойынша кешенді кеңес береді. Кәсіби берілген көмек арқылы Сот «Ломоносов атындағы дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат» коммуналдық-мемлекеттік мекеменің  Светлана Кабдулинаға қарсы әділетсіз орындаушы деген айыптауларды заңсыз деп тапты.  Осы сұрақ бойынша тараптардың сотқа қайта жүгіну құқығы жоқ. Атқарылған қолдау үшін іскер әйел Өңірлік кәсіпкерлер палат мамандарына алғысын білдіріп, өзі басқарып отырған кәсіпорын атынан алғыс хат жолдады.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер