astana-view

Солтүстік Қазақстанда құрылыстағы жаңа технологиялар жайлы айтылды

2017 жылғы 14 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
8701 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы қарағандылық «Завод Металл Профиль» ЖШС-мен бірлесіп, өңірлік жобалық және құрылыс мекемелерінің арасында сұранысы жоғары «Құрылыстағы жаңа теңхнологиялар» тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.

Компанияның техникалық маманы Санат Жаныспаев солтүстікқазақстандық құрылысшылар мен жобалау мамандарына кәсіпкерлердің қазақстандық озық өндірушімен өзара байланысының мүмкіндіктері жайлы түсіндіріп өтті.

Бизнес субъектілеріне жабындық және қасбеттік жүйелерді шешуде «Завод Металл Профиль» ЖШС ұсынған жаңа тәсілдер таныстырылды. Көрсетілген үлгілердің пайдаланушылық жоғары қасиеттері таныстырылым кезінде ғана емес, тәжірибе жүзінде су өткізбейтіндігін тексере отырып көрсетілді және құрылыс материалдарының мейлінше булану теңгейінің төмендігі көрсетілді.

Атап айтқанда, «Завод Металл Профиль» ЖШС жабындық. Қасбеттік және бөлетін құрылымын шығаратын қазақстандық және ресейлік негізді өндіруші болып табылады. Өндірілетін материалдары таяу және алыс шетелдерді пайдаланылған. Кәсіпкорын Қазақстанда ғана емес, Беларусиямен және Ресей Федерациясымен экономикалық байланыс орнатылған.

«Бұл кездесу екі тарапқа да пайдалы болды. Зауыттықтар өз өнімдерін таныстырды, ал кәсіпкерлер жұмыс барысында туындайтын қызықтырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды», – деді СҚО кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Арт Строй» ЖШС-ның директоры Ильгам Валишин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер