astana-view

IT-генийлер Қазақстаннан неге кетеді?

2017 жылғы 14 Сәуір
- Алматы қаласы
8108 просмотров

Алматыда IT Meetup Kazakhstan сарапшыларының биресми кездесуі өтті

Іс-шара Қазақстандағы IT-экожүйесінің сәтті дамуына бағытталған және осыған қатысты барлық мәселелер спектрін қамтыды. Бағдарлама негізгі үш тақырыптан тұрды: IT-білім беру, IT-саласын қаржыландыру, IT үшін технопарктер мен инфрақұрылымды дамыту. Ауқымды шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен MOST бизнес-инкубаторы мен techpreneurs ұйымдастырды.

IT Meetup Kazakhstan конференциясына жүзден астам қатысушы келді: компаниялар, танымал стартаперлер, бизнес-инкубаторлар, интернет-қауымдастықтар, технопарктар мен мемлекеттік институттар.

«Атамекен» ҰКП жанындағы IT және стартап экожүйесін дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Мағжан Мәдиев елімізде IT дамуы үшін ірі бизнесті тартып, оны коммерциялық тиімділігімен және жоғары табысымен қызықтыру керек деп есептейді.

«Шешілмеген мәселе өте көп. Қазақстанда венчурлық нарық жылына 10 млн доллардан аспайды. Бұл сома IT саласы дамыған елдерден 100 есе аз. Жеке немесе мемлекеттің қолдауымен акселераторлар, инкубаторларды құрып, дамыту қажет. Жобаларды бастапқы кезеңде қолдау керек. Қазқастанда талантты мамандар шығып келеді. Бірақ үздіктердің үздігі шет елге кетіп жатыр. Біз жұмыс беруші ретінде маман тапшылығын сезініп отырмыз. Елбасы Экспо көрмесінен кейін Астана халықаралық қаржы орталығының базасында IT технопаркін құруды тапсырды. Біз осы технопаркке көп үміт артып отырмыз», – деді Мағжан Мәдиев.

Сонымен қатар ол бүгінді Білім және ғылыми министрімен IT мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын нарықтың сұранысына қарай өзгерту жұмыстары дайындалып жатқанын айтты. Оның айтуынша, біздің елімізге веб-бағдарламашылар, мобильді құрастырушылар, инернет-маркетологтар мен талдаушылар, IT-кәсіпкерлер мен менеджерлер жетпейді.

«Қазақстанда IT мамандарын 84 жоғары оқу орындары мен 200 колледж дайындайды, бұл мамандықта барлығы 32,5 мың адам білім алып жатыр. Шамамен 3 млрд теңге грант үшін бөлінеді. Бүтіндей білім беру әскері. БІлім министрімен болған кездесудің бірінде ақтөбелік жас маман жоғары оқу орындарының мамандарын тестілеуден өткізгенін, жүздің ішінен нарық талабына сай келетін бір ғана маман шыққанын айтты. IT стартаптар мен экожүйені дамыту бойынша кеңес құрдық, оның құрамына нарықтағы таысты компания кірді. Әлемдік нарыққа бәсекелесе алатын жаңа интернет-стартаптарды шығаруды, Қазақстандағы барлық computer-aided-салаларын күшейтетін үздік мамандардың дайындауды мақсат тұтып отырмыз», – деп ой бөлісті «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.  

Анықтама үшін:

«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған Стартап және IT-экожүйесін дамыту кеңесі – IT саласының өзекті мәселелері көтерілетін және талқыланатын алаң. Кеңестің басты міндеттерінің бірі – Қазақстанда заманауи ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға жағдай жасау, оның кибер-қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық IT-компаниялардың құрамдық корпусын қалыптастыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер