astana-view

11 кәсіпкер бизнес дамыту грантын иеленді

2017 жылғы 17 Сәуір
- Қызылорда облысы
9901 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы ісін жаңадан бастаған 11 қызылордалыққа грант алуға көмектесті

Қызылордада жыл басында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар ұсыну үшін байқау жариялаған болатын.

Байқау талабы бойынша грант тың идеясы бар, ісін жаңа бастаушы жас кәсіпкерлерлерге, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ 50 жастан асқан азаматтарға беріледі.

Байқауға қатысушы азаматтарға Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес-жоспарларын дайындап, құжаттарын әзірлеуге көмек көрсеткен. Байқауға аймақтан 85 адам өтініш берді. Оның қорытындысымен жобаларының жалпы құны 10 млн теңге болатын 17 азамат грант иегері атанды. Осы жерде ерекше тоқталып өтетін жайт, грантқа ие болған 17 жобаның 11-нің бизнес-жоспарын Палатаның кеңесшілері жазып шыққан.

Назарларыңызға Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілерімен бірге бизнес-жоспар әзірлеп, жеңіске жеткен грант иегерлерінің тізімін ұсынамыз:

– Қызылорда қаласынан «Шаңырақ» ЖК-ның «Қазақы нақыштағы ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары» жобасы. Грант сомасы – 630 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Қызылорда қаласынан «Ульяновский» ЖК-ның «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған велосипедтер шығару» жобасы. Грант сомасы – 1000 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Гаухар Батпанова.

– Қызылорда қаласынан «Шабыт ЖК-ның «Керамикалық және қыш бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы – 1000 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Айгүл Төлекова.

– Қызылорда қаласынан «Алжанова» ЖК-ның «Киіз бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы – 700 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Арал ауданынан «Аширбекова Бахыт Нұрсұлтанқызы» ЖК-ның «Логопедиялық орталық ашу» жобасы. Грант сомасы – 900 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Қармақшы ауданынан «Ауылым Абла» ЖК-ның «Сүт өнімдерін өңдеп ірімшік және құрт шығару цехын ашу» жобасы. Грант сомасы – 344 550 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Қармақшы ауданынан «Нұр-Ай» ЖК-ның «Түшпара өндіру цехын ашу» жобасы. Грант сомасы – 135 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Сырдария ауданынан «АҚ-ЕЛ» ЖК-ның «Қара топырақ өндіру» жобасы. Грант сомасы – 258 343 теңге. Бизнес-жоспар жасаушысы Палатаның Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Бақытжан Уаисов.

– Сырдария ауданынан «Ықылас» ЖК-ның «Түкті кілем тоқу» жобасы. Грант сомасы – 181 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

– Шиелі ауданынан «Қалжанова Майя Қарабатырқызы» ЖК-ның «Тоқыма бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы – 540 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палатаның Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Олжас Жылқыбаев.

– Шиелі ауданынан «Нариман» ЖК-ның «Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау бойынша шеберхана ашу» жобасы. Грант сомасы – 391 217 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палатаның Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Олжас Жылқыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер