astana-view

Фермерлер субсидияға қол жеткізудің қиындығына шағымданды

2017 жылғы 17 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
7943 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өндірушілері көп жағдайда субсидияға қол жеткізе алмайтындықтарына шағымданады

Мәмлүт ауданының кәсіпкері Виктор Голованов егін және мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпкер екі жыл бұрын 26 бас жылқы сатып алу үшін 7% мемлекет субсидиялайды деген шартпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жылына 14% мөлшерлемемен несие алған. Алайда, уәде етілгенді үш жыл күтеді деген сөз расқа айналғандай. Виктор Голованов та күте-күте, Кәсіпкерлер палатасының филиалынан көмек сұрады.  

«2015 жылы да, 2016 жылы да ешқандай субсидиялау жүргізілмеді. Дегенмен, мен «Аграрлық несие корпорациясына» бірнеше рет өтініш бердім. Әрдайым бір ғана жауап естимін, қаржыландыру тоқтатылды немесе әлі басталмады дегенді айтады», – дейді шаруа қожалығының басшысы Виктор Голованов.

Субсидияға қол жеткізу мәселесі Палата филиалының агроөнеркәсіп кешені саласына арнап өткізген жиындарында бірнеше мәрте көтерілген. Кәсіпкерлер берген сауалдарына үнемі жауаптан жалтаратындығына, негізсіз бас тартатындығына, өтінімдерді ұзақ уақыт қаралатындығына шағымданып келген.

Ал Палата филиалының кеңесшілері қаржылық институттарымен кәсіпкердің мәселесіне қатысты келіссөз жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізілді. Виктор Голованов 450 мың теңге сомасында субсидия алды.

Тағы бір кәсіпкер Абай Ыбыраев та осындай оқиғаға тап болды. «ОРАҚ» шаруа қожалығы 1999 жылдан бері ірі қара мал басын өсірумен айналысады. 2015 жылы кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту үшін техника мен жабдық сатып алған.

Жалпы сомасы 6 млн теңге болатын субсидияға өтініш берген. Былтыр Абай Ыбыраев Кәсіпкерлер палатасының Қызылжар ауданындағы филиалына жүгінген. Онда мамандар бизнес-жоспар құрастырып, қажетті құжаттардың пакетін дайындауға көмектескен, нәтижесінде, кәсіпкер субсидиялау бағдарламасын пайдалана алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер