astana-view

«Бастау Бизнес» атыраулықтарға жеке кәсіп ашуды үйретеді

2017 жылғы 21 Сәуір
- Атырау облысы

Атырау облысының төрт ауданында «Бастау бизнес» жобасы басталды

Жеке бизнес машығын үйренуге 92 ауыл тұрғыны ниет білдірді. Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшсы Жанаргүл Жоламанова хабарлады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырған жаңа бизнес-жобаға Атырау облысының Індер, Исатай, Махамбет және Қызылқоға ауданының тұрғындары қатысып отыр. Олардың қатарында кәсібін жүргізіп отырған және енді бастаған азаматтар мен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар бар.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының асында жүзеге асырылып отырған жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын үйретеді. Жобаға қатысу үшін міндетті түрде тестілеуден өту керек. Бұл сынақ кәсіпкерлікпен айналысу қабілетін анықтайды», ­– деп атап өтті Жанаргүл Жоламанова.

Жоба аясында оқытуды кәсіби бизнес-тренер оқу бағдарламасына сай, интерактивті түрде, заманауи әдіснамаларды пайдалана отырып жүргізеді.

Оқу барысында кәсіпкерлік жүргізу негіздері, салық салу, маркетинг негіздері туралы ақпарат беріледі.

Мұнымен қоса, өңірге қажетті бизнес-жобалар туралы хабардар болады, оларға кооперативтер құруға қатысты ақпараттық-әдістемелік материалдар, қаржыландыру алуға қажетті құжаттардың үлігсі, маркетингтік зерттеу қорытындысы мен стартаптарды бастауға халықаралық тәжірибе туралы мағлұмат беріледі.

Оқу барысында көпшіліктің алдында сөйлеу машығы да үйретіледі. Бұл алдағы уақытта бизнес-жобаны комиссия алдында қорғауға септігін тигізеді. Тиісті қаржылық институтынан несиелік комиссияның алдында да қорғайды.

«Бастау Бизнес» жобасының ең басты артықшылығы – тегін. Ауыл тұрғындары үшін пайдалы. Тестілеуден өті, оқу процесіне қабылданған білім алушыларға мемлекет тарапынан өолдау көсретіледі. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат алған азаматтарға оқуға қатысқаны үшін стипендия түрінде меммлекеттік қолдау көрсетіледі», – деп хабарлады Жанаргүл Жоламанова.

Практикалық білім беру аяқталғаннан кейін немесе қаржыландыру шешімі шығарылған соң Кәсіпкерлер палатасының филиалы іске қосылған бизнес-жобаларды 12 ай бойы сүйемелдейтін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер