astana-view

"Атамекен" ҚР ҰКП Съезд өтетіні жайлы хабарлайды

2017 жылғы 15 Мамыр
- Астана қаласы
8262 просмотров

"Атамекен" ҰКП Съезі 14 маусымда өтеді

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  (бұдан әрі – ҚР ҰКП)  ҚР ҰКП Төралқасы съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП Съезі 2017 жылғы 14 маусымда сағат 15 00, Астана қаласы, Достық 16 көшесі, Ritz-Carlton отелінде өткізіледі.  

Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Күн тәртібі:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатқызылатын ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
  2. ҚР ҰКП-ның үшжылдық кезеңге арналған индикативті орта мерзімді бюджетін  бекіту туралы.
  3. ҚР ҰКП Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және оларды сайлау туралы.
  4. ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту туралы.
  5. Әртүрлі мәселелер.

Күн тәртібі мәселелері жөнінде материалдар Съезд қатысушыларының мекенжайларына Съездің өткізу күніне дейін электрондық байланыс арқылы жіберіледі.

Анықтама алу үшін +7(7172) 91-93-56 байланыс нөміріне хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер