astana-view

Туризмді дамыту үшін өңірдің мүмкіндігін білу керек – Тимур Құлыбаев

2017 жылғы 05 Мамыр
- Жетісу облысы
6995 просмотров

Әрбір өңірде пысықталған шеберлік жоспары болуы қажет

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Талдықорғанда өткен кеңейтілген отырысында аймақтағы туристік саланың дамуына қатысты пікір білдірді.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, туризм – бизнестегі анағұрлым табысты сала, алайда оның дамуы үшін жиі орын алатын бірқатар мәселе кедергі келтіріп отыр.

«Өңірдегі туристік орындар, олардың жүзеге асырылатын мерзімі мен кезеңдері туралы толық ақпарат қамтылған кластер дайындалу керек. Айталық, бүгінде Алакөл өзенінде қажетті инфрақұрылымның барлығы бар: жол жасалған, Үшарал әуежайы іске қосылды, осы ауданда туризмді дамытуға болады. Сонымен қатар, таулы аймақтың табиғаты керемет. Бірақ мұның барлығын жүзеге асыру үшін нақты мүмкіндіктерді анықтау керек, бос жерде ештеңе жасалмайды», – деп атап өтті Төралқа Төрағасы.

Ұлттық палата басшысы ыңғайлы инфрақұрылым мен коммуникация қарастырылған Нұркент қаласының бас жоспарын мысалға алды.

«Дайындалған инфрақұрылым ішкі туризмді дамытады, сол құралдар өңір экономикасына жұмыс істейтін болады. Егер жақсы сервис пен тамақтану орнын, ыңғайлы маршрут пен нысандарды ұйымдастырса, өңірге миллиондаған туристер ағылады», – деді Тимур Құлыбаев.

Алматы облысында 2014 жылы туризмді дамыту бойынша шеберлік жоспары әзірленген. Бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың бірлесуімен облыста Туризмдің дамытудың жол картасы мен Алматы облысының визит картасы дайындалды. Былтырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары бойынша www.almatyregion-tour.kz ақпараттық ресурсы іске қосылған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер