astana-view

Ақмола облысы кәсіпкерлері «кайдзен» пәлсапасын меңгерді

2017 жылғы 06 Мамыр
- Ақмола облысы
9275 просмотров

 Кайдзен – сапа, технологиялар, үдерсітер, корпоратвиті мәдениетті үздіксіз жақсарту жүйесі 

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы, Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржыландыру және даму тобының қолдауымен Көкшетау қаласында «Кайдзен – шығынсыз өндіріс»атты семинар-тренинг өткізілді.

Заманауи түсінікте Кайдзен – компанияның сапа, технологиялар, үдерсітер, корпоратвиті мәдениеті, еңбектің өнімділігі, сенім, көшбасшылық және басқа да жұмыстарын  үздіксіз жақсарту жүйесі. Бұл жүйенің негізгі ережелерімен Ақмола кәсіпкерлері жақынырақ танысты. Семинарға келген қатысушылармен консалтинг компаниясы сарапшылар жұмыс істеді. Сондай сарапшылардың бірі «Қарағанды сапа институты» ЖШС диреткоры – Серік Жолдаспаев болды.   

 Ол ұйым жұмысын жақсарту жолдарын айтты. Қысқаша айтқанда кайдзен жүйесі қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру арқылы компанияның беделін жақсартуға болады. Өйткені, шығарылатын өнім мен қызмет көрсету сапасы тікелей қызметкерлерге байланысты.   

Ақпараттан бөлек кәсіпкерлер нақты көмек түрлерін де ала алады. Еуропа қайта құру және даму банкі бизнеске консалтинг жобалары бойынша грант беруге дайын. 

Банк сарапшысы Анастасия Малиновская белгілі талаптарға сай келген әр кәсіпкер банк ұсынған грантқа ие бола алатынын айтты.  

«Грант консалтингтік және кеңес беру жобаларына бөлінеді. Яғни компанияның өсуі мен дамуна жол ашатын жобалар қаржыландырылады. Бұл жерде маркетинг, стратегиялық жоспарлау, сапа менеджменті, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары айтылып отыр. Бұл дегеніміз кәсіпорында бизнес үдерестерді жақсартуға бақытталған барлық зияткерлік  қызмет түрлері кәсіпкерге қол жетімді болады. Осы жұмыстарға біз грант бөлеміз. Грант көлемі 10 мың еуроға дейін барады. Грант ұтысқа қойылмайды, бұл қаржыландыру түрін белгілі критерийлерге сай келген әрбір компания алуы мүмкін. Негізгі талаптар – кәсіпорын шағын және орта бизнес сегменті болуы шарт. Компания қызметкерлерінің саны 250 адамнан аспауы тиіс. Компания экономиканың басымдыққа ие секторында қызмет етуі керек, оның нарықта жұмыс істеуі екі жылдан кем болмауы жөн, яғни жаңадан құрылған кәсіпорындарды қарастырмаймыз. Стартаптарды қолдамаймыз. Компанияның меншігі Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт. Компания құрамында шетелдік үлескерлер болса, олардың үлесі – 49 пайыздан аспағаны жөн. Осы аталған талаптарға сай келген компанияның жұмысын жақсарту мақсатында жүйелі мәселелерді анықтап, консалтингтік көмек түрін беруге дайынбыз. Соңында грант бөліп, консалтингтік компанияға кеткен шығындардың 75%-ын өтеп береміз», – деді Анастасия Малиновская.

 Көкшетауда Еуропа қайта құру және даму банк ұсынған консалтингтік қызметті пайланған бір қатар кәсіпорын иелері бар. Соның бірі «Гормолзавод» ЖШС Әсен Жақсылықов. Оған кайдзен жүйесі жақсы таныс, жуық арада Әсен Жақсылықов бұл жүйені кәсіпорынында енгізбек.

 «Компаниямыз «Гормолзавод» грантқа өтінім берді. Банкпен кездесу де ұйымдастырылды. Кездесуде біздің компаниямыздың бағдарламасы талқыланды, ұжымымыз жаңа бағдарламамен жұмыс істеуге дайын. Бүгінгі семинарда бізге кайдзен және басқа жүйелер туралы ақпарат берілді. Бұл жүйелермен жақын таныстым деп айта аламын. Бұрынырақ «Іскер байланыстар» атты жүйені меңгеріп, кәсіпорында қолдандым, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Бастысы біз қоймаға емес, әр тұтыну үшін қызмет етеміз. Бұл өте тамаша жүйе, өйткені тұрақты серіктес пайда болып, артық ақша қалтада қалды. Жұмыста тәртіп орнап, әр тұтынушымен жұмыс жақсарып, ресурстар сақталады. Бұл жүйені қолдану әр кәсіпкерге оң әсер етеді деп ойлаймын», – Әсен Жақсылықов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер