astana-view

Қостанайлық көлік жүргізушілері жылдам тамақтану асханаларын ұнатады

2017 жылғы 16 Мамыр
- Қостанай облысы
6838 просмотров

Жол бойындағы қоғамдық тамақтану бөлімдерінің иелері дәстүрлі тағам түрлерінен гөрі жылдам дайындалатын мәзірге көшпек

Рудный қаласындағы  «Қайнар» кафесінің иесі Владимир Шамов мәзірдің жаңа түрін іске асырды. Жуырда кәсіпкер бизнесін ұлғайтқан болатын, бұл қадамға ол тұтынушылардың көптігінен барған жоқ. Владимирдың айтуынша көлік жүргізушілері кәуап пен ыстық шайға кірмейтін болған. Ал тапсырысты, яғни хот-догтар, сэндвичтер мен қаймақтарды өзімен алып кетушілердің саны артқан. Сұранысқа қарай ұсыныс жасалды.

 Осы мақсаттта кәсіпкер қолданыстағы кафе маңына қосалқы орын-жай салды. «Атамекен-Қостанай» микронесие ұйымы» ЖШС арқылы 3,6 млн теңге көлемінде несие алып, қажетті жиһаз бен құрал-жабдықты сатып алды. 

 «Кафе ұжымы жылдам дайындалатын тамақ түрлерін әзірлей бастады. Халық назарына ұсынылған тағам түрлері сан алуан. Гамбургер, тауық грилі болсын, тіпті гонконгтік немесе веналық вафли де пісіре аламыз. Тек қалауыңызды айтыңыз. Бастысы қонақтарымызға ұнайды. Уақытты бағалаған жандар, тамақтануға да уақыт үнемдейді, бұл заман талабы», – деді кәсіпкер.

Жуық арада Рудныйда тағы бір сауда нүктесі ашылмақ. Онда жапон тағамдары дайындалып, сыртқа тапсырыстар жасалады. Суши, ролдар, кеспені жақсы көретіндерге жақсы жаңалық. Жапондық асханы қолға алған жас кәсіпкер Ерсаин Нұрахметов шағын павильон сатып алу үшін Шағын несие ұйымынан 1,3 млн теңге қаржы алған. Жоспар бойынша кафе қонақтары дәмді тамақтың жасалу үдерісн көре алатын болады.

«Атамекен-Қостанай» шағын несие ұйымы» ЖШС-нан жергілікті тұрғындар 4%-дық мөлшерлемемен 447 млн теңге көлемінде несие алған. Кәсіпкерлер палатасы несиелерден басқа әр кәсіпкерге бизнес жобасын бастау, салықтық төлемдер бойынша тегін кеңес берілген әрі жобалар бойынша сүйемелдеу жасайды.

«Кәсіпті бастарда адамдар жеке кәсіпкерлік болып тіркелу, салық төлемдерді жасауды білмейді. Осы қызметті Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында біздің менеджерлер атқарады. Жылдың басынан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша 4,5 мыңға жуық тегін қызмет көрсетілген, сервистік қызмет салық есептерін өткізу, келісмшарттарды құру, бизнес-жоспарларды дайындау бойынша 1 мыңнан астам  қолдау жасалды. Кәсіпкерлікке қатысты қызметтердің бәрін бір жерден алу өте ыңғайлы», – деді Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айгүл Есентемір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер