astana-view

Балабақша «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысады

2017 жылғы 16 Мамыр
- Жетісу облысы
6307 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында ұлттық байқауға қатысуға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Әзірге 37...

Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының өңірлік кезеңіне қатысу бәйгесі жақындап келеді. Бүгінде өңірдегі 37 компания қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 7 компания президенттік сыйлыққа үміткер.

«Кәсіпкерлер қызметінде байқаудың танымалдылығы мен маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді. Біз мұны келіп түскен өтінімдерге қарап анық байқай аламыз, себебі өтінім саны да жыл сайын көбейіп отыр. Байқауға қатысу мен жеңімпаз атаны сапаны, бәсекеге қабілеттілік пен компания менеджементінің тиімділігін анықтайды», – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сертификаттау бойынша маманы Бибігүл Омарова.

Алматы облысындағы компанияларды қатысуға өтінім беруге уақыттары бар. Өтінім қабылдау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Кәсіпкерлер палаңында 30 мамырда байқау қатысушыларына арналған оқыту семинары өткізіледі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы байқау материалдарын дайындау бойынша кеңес беру-әдістемелік көмек көрсетіп, ережелері мен тәртібін түсіндіріп, сапа бойынша халықаралық байқаулар туралы таныстырады.

Биылғы жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңінде қосымша «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы беріледі.

Бала бақша дебюті

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңіне қатысушылар туралы айтқанда, Бибігүл Омарова биылғы жылы білім беру саласындағы жеке меншік мекемелер де қатысуға ниет білдіргені туралы хабарлады. Мысалы, қызмет көрсетіп отырған үздік компания аталымына «Intellecity» білім беру-дамыту орталығы мен Талдықорған қаласындағы «Ашура» балабақшасы үміткер.

«Жаңадан қатысатындар қатарында «Абди Ибрахим Глобал Фарм» фармацевтикалық компаниясы, «үйгентас Береке» нан-тоқаш кәсіпорны, «Южный» ӘКК, «Теплосервис» ЖШС, «Алтын жұлдыз Тексти Лайн» ЖШС, «Чукеева» ЖК және тағы басқалары бар. Бірінші рет «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге «Тамас» ЖШС, «Собек Сервис» ЖШС, «Стинерджи» ЖШС өтінім берген», – деп нақтылады ӨКП сертификаттау бойынша маманы Жанна Маратова.

Ең үздіктерді ЭКСПО-ға шақырады

Сарапшылардың айтуынша, «Қазақстанның үздік тауары» мен «Алтын сапа» байқауларына қатысу үшін ынталандыратын тетіктік бірі байқаудың республикалық кезеңі Астанада «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесінің павильонында өтетіндегі болып отыр. Осылайша, үздік тауарлар мен қызметтерді шетелдік қонақтар мен туристер тамашалай алады.

Еске салар болсақ, 2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының Талдықорғанда өткен өңірлік кезеңіне облыстағы 48 кәсіпорын қатысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер