astana-view

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында прокуратураға өтініш жолдауға болады

2017 жылғы 18 Мамыр
- Қостанай облысы
6673 просмотров

Қадағалау органының өкілдері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында апта сайын құқықтық кеңес береді

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратура арасында жасалған өзара ынтымақтастық меморандумының аясында бірлескен бастама жүзеге асырылды. Прокуратура қызметкерлері әр аптаның жұма күнінде бизнес өкілдерін қабылдайды. Кәсіпкерлер алдын ала жазылусыз, кез келген мәселемен тікелей жүгіне алады.

«Ең алдымен бұл жұмысты бизнестің ыңғайлылығы үшін және мәселелерінің тез шешілуі үшін қолға алдық. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына күн сайын қаншама кәсіпкерлер түрлі мәселелерімен келеді. Егер прокуратураның араласуы қажет құқықтық реттеуге қатысты мәселе туындаса, барлық қолдауды осы жерден алып, бірден өтініш жаза алады»,­ – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ренат Дәулетбаев.   

Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты орталық Облыстық палата 2016 жылдың аяғында ашылды. Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 116. Бүгінде қолдау бағдарламалары бойынша тегін кеңес беріледі.

Ақысыз негізде салық есебін өткізу, бизнес-жоспар құру, мемлекеттік сатып алулар порталында тіркелу, кәсіпорындар үшін интернет-сайт ашу және т.б. бойынша 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі. Осы жерде «Атамекен-Қостанай» микроқаржыландыру орталығы» ЖШС несие береді және тауардың шыққан жері бойынша сертификат та алуға болады.

Сонымен қатар, 2016 жылы Кәсіпкерлер палатасына бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғауға қатысты 212 жазбаша шағым түсті. Прокуратура органдарының тікелей араласуымен оның жартысынан көбі оң шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер