astana-view

Өзбекстан өз өнімін Шығыс Қазақстанға жеткізуге дайын

2017 жылғы 25 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
9147 просмотров

Облыс деңгейіндегі өңіраралық ынытымақтастық анағұрлым тиімдірек

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өзбекстан елшісі Икром Назаров өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті.

Бүгінде Өзбекстан туристік саланы қарқынды дамытып отыр. Мемлекетте 7,5 мың тарихи ескерткіш бар, былтырғы жылы 2 млн турист сапарларын сол елге арнағандықтан, Өзбекстан бұл көрсеткішті екі есе арттыруға ниетті.

ҚР Президентінің таяуда жасаған іссапарында өңіраралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына дем берді. Қазақстан мен Өзбекстандағы серіктестердің арасында өзара ынтымақтасты дамытудың әлеуеті зор», ­– деді Икром Назаров.

Икром Назаровтың айтуынша, былтыр көкөніс өнімі 18 млн тоннаға артқан. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 25 млн тоннаға дейін өсіру жоспарланып отыр. Ал әлеуетті өткізу нарығы ретінде Шығыс Қазақстан облысы қарастырылып отыр.

«Бүгінде біз негізінен Қытай өнімдерін пайдаланып отырмыз, дегенмен Шығыс Қазақстан облысында Өзбекстанның жемістері мен көкөністеріне сұраныс жоғары», ­– деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапы өзекті мәселелерді көтерді. Тиісінше Өзбекстан елшісі айтылған мәселелер мен қойылған сауалдарды өз назарына алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер