astana-view

Қытайда Солтүстік Қазақстаннан алынатын зығыр майына сұраныс бар

2017 жылғы 31 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
11916 просмотров

СҚО Жамбыл ауданының кәсіпкері Аспан асты еліне жылына 10 мың тонна өнім өткізеді

Тағамдық табиғи тазартылмаған зығыр майын шығаратын «Династия Агро» компаниясы нарыққа енді шығып жатса да, айтарлықтай жетістікке жетті. Май дақылдарын қайта өңдейтін цех 2016 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді.

«Цех Солтүстік Қазақстан облысында май дақылдарын өсіретін ауданда орналасқан. Тиісінше, шикізаттан тапшылық болмайды. Былтыр 26 мың гектар жерге май дақылдары егілді. Мұнымен қоса, біз өз жерімізде де өсіреміз. Кәсіпорындағы жабдықтар жаңа, оны таяуда ғана орналастырды», – деді «Династия Агро» ЖШС директоры Илья Кан.

Жобаны жүзеге асыру үшін жеке қаражаттан 40 млн теңге инвестиция құйылды, сонымен қатар екінші деңгейлі банктен 27,5 млн теңге несие алынды. Қарыз ақша құю тізбегі мен бөтелкеге компания логотипін бастырып жасайтын пресс-қалып алуға жұмсалды.

«Бүгінде тәулігіне кемінде 20 мың тонна май дақылы қайта өңделеді, май шикізаты бойынша өнім көлемі 6,7 мың тонна. Компания енді құрылды, алайда болашаққа деген жоспарымыз айқын: біз өндіретін май Қазақстанға ғана таралмайды, шетелге, атап айтқанда Қытайға шығарылады. Сұраныс жоғары. Алғашқы серіктес ынтымақтастық талаптарымен және цех жұмысымен танысқаннан кейін, 5 мың тонна май сатып алуға келісімшарт жасады. Қазіргі таңда екі сатып алушыға жөнелтілді. Сонымен қатар 4 компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, олардың әрқайсысы 1,2 тонна сатып алуға дайын», – дейді ой бөліскен Илья Кан.

Кәсіпкер «Қорғас» ШЫХҰ мен «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы  ұйымдастырған «Қорғаста» бизнес-форумында Қытайдағы әріптестерімен кездескен. Форум барысында алдағы жұмыс бойынша қажетті байланыстарды орната білген. Бизнесмен мұндай шаралар бизнеспен енді айналысып жатқандар үшін үлкен мүмкіндік беретінін жасырмады. 

 

«Қазақстан мен Қытай арасында тиімді ынтымақтастықты орнату үшін сондай іс-шараларды ұйымдастырған абзал, әсіресе шағын және орта бизнес үшін пайдасы зор. Іс-шара барысында өзара тиімді келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар, сондай-ақ жүзбе-жүз танысып, әлеуетті сатып алушыларды табуға жағдай жасалады. Мысалы, біз кәсіпкерлер мен инвесторлардың баяндамасын тыңдап қана қоймай, Қытайдағы 4 компаниямен келіссөз жүргіздік. Қазіргі таңда келісімшартқа қол қойып жатырмыз әрі жүк жөнелтуге қамданып отырмыз», – деп атап өтті кәсіпорын директоры.

 

 

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында май дақылдарының ең үлкен шоғыры жиналады. Сонымен қатар бұрынғы жылдарға қарағанда 2012 гектар жерге артық егу қарастырылған.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер