astana-view

Бизнесменге заңды дұрыс түсінбегені үшін 270 млн теңге айыппұл салған

2017 жылғы 02 Маусым
- Астана қаласы
9198 просмотров

Кәсіпкерді кеден төлемі, салық пен баж, сондай-ақ өсімақыны қосқанда 270 млн теңге төлеуге міндеттеген

2015 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті «Фархад» ЖШС кедендік тексеру жүргізіп, ҚР кедендік заңнамасының нормаларын бұзды деген шешім шығарған.

Тексеру барысында кәсіпкер кедендік декларацияны кедендік алдын ала декларациялау процедурасы бойынша өткізетіндігі, ал тауар өткізу импорт тауарлардың лицензиясының мерзімі өткеннен кейін жеткізілетін тарифтік квота шегінде жүзеге асырылғандығы анықталған.

Кеден заңнамасын бұзғаны үшін кәсіпкерді кеден төлемі, салық пен баж, сондай-ақ өсімақыны қосқанда 270 млн теңгеден астам сома төлеуге міндеттеген.

Кәсіпкер мемлекеттік органның бұл шешіміне шағым жазған. Алайда құжатта дәл күні көрсетілмегендіктен, шағым қараусыз қалдырылған.

Бірінші инстанцияның соты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ісін дұрыс екенін мойындап, салық департаментінің әрекетін заңсыз деп тануға шешім шығарған. Ал департамент аппелаяциялық шағым түсіргенімен, шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Кейіннен ҚР Жоғарғы сотында іс кассациялық тексеруден өткен. 2016 жылдың қыркүйек айында осы іс бойынша шығарылған сот актілері жойылып, сот мемлекеттік кірістер департаментінің пайдасына шешім шығарылған.

Хабарламаның орындалу уақыты өтіп кеткендіктен «Фархад» ЖШС-ның барлық шоты мен мүлкіне тыйым салынып, тыйым мен шектеу қойылып, инкассалық өкім шығарылып, компания шотында бар қолма қол ақшаның барлығын алынған.

«Фархад» ЖШС Жоғары соттың Кассациялық Коллегиясының қаулысын қайта қарауға қол жеткізуге шешім қабылдап, барлық хат, шағымдарды Астанаға жолдаған.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында осы іске қатысты барлық құжатты алып, кәсіпкердің дәлелдері негізделген деп таныды. «Фархад» ЖШС кірістерінің заңды екенін дәлелдеу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар мемлекеттік органдарға хат жолдады және ҚР Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотына қолдаухат жазды.

2017 жылдың сәуір айында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми құқық нормаларын түсіндіруде біркелкілік бұзылғанын негізге ала отырып, сот коллегиясының шешімін қайта қарау туралы ұсыныс берді.

2017 жылы 23 мамырда ҚР Жоғарғы Соттының азаматтың іс жөніндегі сот коллегиясы кассациялық инстанцияның қаулысын жойып, бірінші және екінші инстанцияның сот шешімін заңдық күшінде қалдыруға шешім шығарды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Фархад» ЖШС ісін қараған, жоғары заңдылықты қамтамасыз етіп, кәсіпкер құқығының бұзылғанын қайта қалпына келтіруге үлес қосқан ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Қайрат Мәми мен өзге де судьяларға алғыс білдіреді.

ҚР Кәсіпкерлері бақылау мен қадағалау жүргізетін орган тарапынан кәсіпкерлік қызметке зиян тигізуге бағытталған заңнаманы субъективті түсіндіруге жиі ұшырайды. «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлердің кез келген қиын ісінде қолдап, мүміндігі келгенше көмектесуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер