astana-view

Қытай мен Қазақстан арасындағы шағын және орта бизнес дамуы сараланды

2017 жылғы 08 Маусым
8155 просмотров

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Саммиті аясында Қазақстан-Қытай Іскер кеңесінің төртінші отырысы өткізілді

Экономиканың түрлі саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен бекемдей түсу, жаңа байланыстарды орнату мақсатында екі мемлекеттің іскер топтарының ақпарат алмасуы ұйымдастырылды. Қазақстан-Қытай Іскер кеңесіне Қазақстан мен Қытайдың ірі корпарациялары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

"Самұрық-Қазына" АҚ, ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті және "CITIC Group" корпорациясы ұйымдастырған Іскерлік шара 3 панелдік сессия бойынша өтті. Бірінші сессия Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық ынтмақтасығына бағытталды. Екінші кеңейтілген сессия Қазақстан мен Қытайдың шағын және орта бизнестегі ынтымақтастығы және үшінші сессия екі мемлекеттің ауыл шаруашылығындағы  ілгерілеу жолдары сараланды.

 Шағын және орта бизнестегі ынтымақтастыққа арналған сессиялық отырысты «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев жүргізді. Отырыстың басты тақырыбы Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы электронды сауда байланысы талқыланды. 

«Екі ел бизнесі күннен күнге артып келеді, бүгінде сауда айналымы 30%-ға ұлғайған. Бұрын Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс ірі бизнес саласында ғана болса, енді шағын және орта бизнесте де ілгерілеу бар. Қытай тарапы қазақстандық тауарына қытай нарығына өтуіне тосқауыл болатын әкімшіілк кедергілерді алып тастауда. Бүгінде қазақстандық ара балы экспортталмақ. Сонымен қатар балық, қой етінің экспорты биыл жүзеге асады. Сиыр етіне де шектеулер алынып тасталынып, майлы дақылдар да экспорталатын болады», – ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Бүгінгі форум екі ел арасындағы экономикалық қытаныстарды бекемдей түсетіні анық. Қытай тарапынан сөз сөйлеген Қытай компаниясының өкілі Ван Ху Эксподағы менеджмент жайын айтты.

«Бұл менің Астанаға келген екінші сапарым. 2011 жылы Экспо Қытайда өткізілгенде мен бүкіл менеджмент сұрақтарына жауап бердім. Бізде менеджмент саласында айтарлықтай тәжірибе бар. Биыл Экспо Астанада өткізілетіндіктен осындағы менеджменті бағалау, мәдениет саласындағы сынауға әдейі келдім», – деді Қытай компаниясының өкілі Ван Ху мырза.

Қытай өкілінің айтуынша Қытайда шағын және орта бизнеске үлкен назар аударылады. Менеджмент саласы да даму үстінде. Мәселен, Қытайдан үлкен делегация келмек еді, алайда визалық қиындықтар салдарынан келмей қалды.  Осындай менджмент сұрақтарын шешсек, осы нағыз жеміс болар еді.  Қытайда өткен Эксподан кейін экспо экономикалық ортатығы инвестициялық және ғылыми орталыққа айналған. «Астанада Экспо өткен соң Шанхай мен Астана арасында менеджмент бойынша тығыз экономикалық байланыс орнатқымыз келеді», – деді Ван Ху.

Қытай тарапы ақпараттық порталдарды Астана мен Алматыда салғысы келеді. Бұл шағын және орта бизнес өкілдеріне ыңғайлы ресурс болады. Қытйда шағын компаниялар олар көп жетістікке жетіп нарықта сәтті  жұмыс істеп жатыр. Олар Қытайда шағын компания болса, Қазақстанға инвестициялар құя алатын ірі  компаниялар болып саналады. Өйткені Қытай нарығы үлкен.

Нұржан Әлтаев Қазақстан нарығында жұмыс істейтін шетел компаниялардың қауымдастықтар мен одақтарға бірігетінін атап өтті. Осы  арқылы компаниялар «Атамекен» ҰКП мен мемелкеттік органдармен тиімді әрекеттеседі. Қазір осындай қоғамдық бірлесітктерді дамыту мүмкіндігі туып отырғанын айтты. Осы бағытта Қазақстан-Қытай сауда қауымдастығы Басқарма Төрағасы Қанат Бейсек Қазақстанға инвестиция құюға әлеуетті Қытай компанияларын сүйемелдейтінін айтты. «Қауымдастық «Атамекен» ҰКП, «Самұрық» ұлтты әл-ауқат қоры, Астана мен Алматы әкімдіктерімен тығыз байланыс орнатқан. Кәсіпкерлерге заңдық, есептік, салықтық көмек көрсетіледі. Қауымдастық Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың берік көпірін салуды көздейді», – деді Қанат Бейсек.

Шара барысында әлемде дамып жатқан электронды сауданың Қытай мен Қазақстандағы әлеуеті талқыланды. Осы бағытта «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде департаменті директоры Дінмұхамед Әбсаттаров толымды баяндама жасады.

Қазақстан-Қытай Іскер кеңесінің төртінші отырысында сондай-ақ екі ел кәсіпкерлері B2B форматында келіссөздер жүргізеді.

Айта кетелік, Қытайдың бизнес қауымдастығы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының стратегиялық инвесторы болып табылады. ҚХР Эксимбанкі xош иісті көмірсутекті өндіру кешені, Атырау МӨЗ-дегі мұнайды терең өңдеу кешені құрылысын несиелейді, Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі газ-xимия кешенінің құрылысын қаржыландырады. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі қатысуымен 2 млрд АҚШ долларынан астам қаржыландыру көлемімен xимия саласында бірқатар ірі жобаларды іске асырады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер