astana-view

Заңнаманы гуманизациялау: алғысы кімге?

2017 жылғы 05 Шілде
8886 просмотров

«Атамекен» ҰКП ІV Съезінде қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды гуманизациялау жайлы ерекше атап өтілді

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов ІV съезде атап айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП ІV Съезінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атқарған орасан зор жұмыстар турасында айтылды. Оның ішінде кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтап, жою, өңірлерді дамыту, жобаларды сүйемелдеу және тағы басқалары жайлы баяндалды.

Жалпы, палата қызметінің қорытынды есебі бойынша мынадай негізгі бағыттарға бөлуге болады:

- бизнес-орта үшін заңнаманы жетілдіріу;

- бизнесті қайта реттеу – бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру және СӨЖ;

- қылмыстық және әкімшілік заңнаманы гуманизациялау .

Съезде жасаған баяндамасында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов заңнаманы гуманизациялау  жұмыстарына ерекше тоқталды.

Ол атап өткендей, аталмыш жұмыс былтырғы жылдың ақпан айында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің институты құрылған сәттен бастап күшейтіліп, жаңа қарқын алды.

Бизнес-омбудсмен жұмысын бастағалы барлық өңірлерде іссапарлармен болып қайтты, әкімдермен және прокурорлармен кездесулер өткізді, 2000-нан астам кәсіпкерді жеке қабылдап, мемлекеттік органдардың бейресми рейтингтері енгізілді. Бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды.

Осылайша, заң жобасы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 75 тұжырымдамалық ұсыныстары қабылданды. Атап айтқанда:

- жасалған қылмыс елеусіз болған жағдайда жауапкершіліктен босату;

- ӘҚБТК-нің 280-нен астам бабында айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу;

- 91 бап бойынша айыппұл мөлшері орта есеппен 30%-ға төмендейді, 12-сінде жаза жеңілдетіледі, 42-сінде айыппұл ескертумен алмастырылады.

«Дегенмен, кәсіпкерлер үшін аса маңызды бірқатар мәселелер әлі де бар. Мысалы, бизнес үшін елеулі проблемалар тудыратын кедендік заң бұзушылықтар үшін тәркілеу. Біз осы мәселені барынша тез арада шешу керек деп санаймыз, бұл меншік құқығын қорғау жөніндегі Елбасы жолдауымен толық үндеседі», – деді Рүстем Жүрсінов.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, 2016 жылдың соңында олардың бастамасы бойынша рахымшылық жасау жүргізілді, сонымен қатар, экономикалық қылмыстар бойынша 400-ден (256 – бас бостандығынан айырылған, 184 – бостандықта) астам бизнесмен босатылды.

Бас прокуратурамен бірлесе отырып, қылмыстық заңнаманы гуманизациялау  бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Мен бұл жерде айтарлықтай ілгерілеушілікті көріп тұрмын – «Жалғанкәсіпкерлік туралы» бапты алып тастау туралы заң жобасы Сенатта қаралуда. Осы айдың аяғына дейін заң қабылданады деген үміттеміз», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөнінде елеулі өзгерістер ұсынылды, бұл мәселені мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қарап жатыр.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-омбудсменнің атқарған жұмыстары сындарлы поизиция мен Үкіметтің және барлық мемлекеттік органдардың қолдауынсыз нәтижесіз болар еді», – деп қорытындылады Рүстем Жүрсінов.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының қорытындысы туралы Басқарманың есебі» таныстырылым


Еншілес ұйымдар

Серіктестер