astana-view

«Бастау Бизнес» жобасының Петропавлдағы нәтижесі

2017 жылғы 21 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы

Ғ.Мүсірепов ауданындағы кәсіпкердің арманы «Бастау Бизнес» жобасының арқасында орындалды

Бір айлық оку курсы текке оқылмады. Артем Моторныйдың жетістігі мақтануға тұрарлықтай. Кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, бизнес-жоспар дайындаған Артем өзі ұнататын әрі табыс әкелетін кәсіпті бастады. Жас кәсіпкер жолаушы тасымалымен айналысуды қалаған. Алайда тиісті тәжірибесі мен білімі болмағандықтан тәуекелге буу қиынға соққан. Оның айтуынша, курс білім толықтыруға ғана емес, қорқынышты жеңіп, тәуекелге баруға көмектесті.

«Бастау Бизнес» түлегі 30 мамыр күні «Бірлік» ауылдық несие серіктестігіне құжаттар мен өтінішін берген. Екі аптадан соң 7,5 млн теңге сомада несие берілді. Бұл қаражатқа Артем Моторный микроавтобус сатып алып, Ғ.Мүсірепов ауданы Ломоносовка ауылынан Петропавл қаласына қатынайтын көлік бағытын ашты.

«Мен осы бағыттағы көлік қатынасын ашуды бұрыннан ойластырып жүргем, себебі біздің ауылдың тұрғындарына қалаға қатынау қиын екенін бір кісідей білемін. Енді, міне, бұл мәселе де шешіліп, ауылдастардың шығыны азаяды әрі облыс орталығына тікелей қатынай алады», – дейді кәсіпкер Артем Моторный.

«Бастау Бизнес» жобасына Артем ғана емес, ауылдастары да алғыс білдіріп отыр. Себебі бұрын қалаға жету ұзақ уақытта алған. Тұрғындар үшін бір көліктен түсіп, екіншісіне мініп, тиісті орынға жету тым ауыр соққаны белгілі.

Ғ.Мүсірепов ауданы Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылған 5 ауданның бірі. Бүгінде аудан бойынша 60 адам білім алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер