astana-view

Мамандарды өзімізге дайындаймыз

2017 жылғы 03 Тамыз
- Шымкент қаласы
9772 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындары оқу орталықтарын құрып жатыр

Шымкенттің жетекші компаниялары жұмысссыздарға арнап оқыту курсатарын өткізуде. «Гауһар» тігін фабрикасы «AZALATextile» тоқыма кәсіпорны мен «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығы» қоғамдық ұйымы үйренем деушілерге тігін және киімді өңдеу, қонақ үй және мейрамхана бизнесін жүргізу маманы болуға шақырады. Осы мақсатты орындау үшін кәсіпорындар өндіріс алаңдарында оқу орталықтарын ашты. Оқудан өткен үздіктерді компаниялар жұмыспен қамтуға дайын.

Осылайша ынталылар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдараламысына қатысады. Бұл бағдарлама жұмыссыздарға белгілі бір жұмыс мамандығын оқып, жұмысқа орналасуына мүмкін береді. Бағдарламаға жұмыссыздар, арнайы біліктілігі жоқ жастар қатыса алады. Оқытудың өзі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша өтеді.

«Оларға мұндай оқу орталықтардың не қажеті бар? Бүгінде  «Гауһар» тігін фабрикасы «AZALATextile» тоқыма кәсіпорны өндірісі ұлғайтып, технологиялық үдерісті жаңғыртып жатыр. Сондықтан жаңа мамандар қажеттілігі туындап отыр: тігіншілер, тоқушылар, киім пішушілер, арқаушыбыбдығында жұмыс істейтін операторлар керек. Туризм қауымдастығы өңірдегі ашылғалы тұрған қонақ үйлер мен мейрамханаларға даяшы, портье, гид, швейцарларды дайындап жатыр. Оқудан бөлек бағдарламаға қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы, жол жүруге 9 076 теңге, бөлме жалдауңа 11 345 теңге қарастырылған», – деді ОҚО кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Берік Кенжебаев.

Жыл соңына дейін ОҚО-да Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдараламасы бойынша 60 түрлі мамандықта (ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндірісі, қызмет көрсету саласы, т.б.) шамамен 12 мың адам оқуы керек.

Фабрикалар басшыларының айтуынша отандық кәсіпорындарында өндірісті жаңғырту, өз тауарларының бәсекелестігін сақтау жұмыстарын жасау үшін уақыттары тапшы. Табысты кәсіпорын болу үшін жаңа жабдық сатып алу аздық етеді, кадр дайындауда фабрикалар мемлекетті күте алмайды, сондықтан олар оқу орталықтарын бірден өндірісте құрып жатыр.

«Біз қазір өндірісті байытып жатырмыз, қымбат жабдықтар сатып алдық. Дегенмен өндіріс қуатын, автоматтандырылған машиналардың әлеуетін  100 пайызға пайдалана алмай отырмыз, өйткені жаңа станоктарда жұмыс істей алатын адамдар тапшы. Біздің мақсат – оқу орталығын ашу арқылы жаңа білім алу. Оқу орталығы арқылы командамыздың біліктілігін жоғарылатамыз»,– деді  «AZALATextile» ЖШС кадр бөлімі маманы Арай Аязбаева.

ӨКП сарапшылары айтуынша осындай оқудан өту үшін Жұмыспен қамту орталығына барып, өтінім тастау керек, сонымен қатар Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан да кеңес алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер