astana-view

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымына берілетін қызметтер анықталады

2017 жылғы 11 Тамыз
4454 просмотров

Асыл тұқымды мал шаруашылығының республикалық 22 палатасы мен 687 аңшы шаруашылығы жұмыс істейді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметтерін аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің бірлестігіне беру мәселесі талқыланды. Жиынға Астана мен өңірлердегі қауымдастықтар, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Елімізде «Өзін-өзі реттеу туралы» заң 2016 жылы күшіне енді. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік органдар қызметін бәсекелік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымдарына берудің 2 тобы дайындады. Бүгінде кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеу – бизнесті қайта реттеудегі өзекті мәселелер.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерін саланы өзі реттеуіне бағытталған ауқымды реформаны жүзеге асырып отыр. Осыған орай бизнес-қоғамдастықтың әрбір салаға қатысты өкілдері мемлекеттік органдармен бірлесіп өзін-өзі реттеуге өтудің келешегі жайында талқылаулар өткізіп келеді. ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңына сәйкес аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшы шаруашылығы субъектілері қауымдастығының, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қауымдастығының қызметі қарастырылған.

Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенінің өзін-өзі реттеуге жататын өзге де салалары жайында айтылды. Осылайша жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдаланусаласында мемлекеттік және кәсіби реттеуінің селбесуі байқалады. Сонымен қатар аталған салалардағы бірлестіктердің көпшілігіне негізгі өкілеттік беріледі, атап айтақанда тиісті қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қосуға қатысты болады.

Бүгінде бұл салада асыл тұқымды мал шаруашылығының республикалық 22 палатасы мен 687 аңшы шаруашылығы жұмыс істейді», – деп хабарлады Айжан Бижанова.

Қоғамдық талқылауда осы бағыттағы жұмысты қарқынды жалғастыруға шешім қабылданды.

Еске салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметтерді өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру бойынша реформаның нәтижесін ҚР Парламенті Мәжілісінің алаңында Сараптшылық топқа ағымдағы жылдың қыркүйек айында таныстырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер