astana-view

«Атамекен» ұсынысы Кеден кодексінің жобасына енді

2017 жылғы 22 Тамыз
5446 просмотров

Абылай Мырзахметов Кодекс жобасында орын алуы мүмкін өзгерістер жайлы баяндады

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы жаңа Кеден кодексі жобасындағы кейбір ережелер жайлы хабарлады. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында жасаған баяндамасында айтылды.

Абылай Мырзахметов хабарлағандай, Кеден кодексінің жобасын талқылауға бизнес-қауымдастықтар, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатыстырылды. Нәтижесінде «Атамекен» 500-ге жуық өзгертулерге бастамашылық жасаған, құжатқа соның 60%-ы енгізілді.

Атап айтқанда:

  • Кеден органы жеткізілетін тауарлардың кеден құнын анықтау тәсілдерін қолдану мәселесі бойынша алдын ала шешім қабылдау мүмкіндігі;
  • Декларация тапсырушыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қарастырылған жауапкершілікке тарту жағдайы айтарлықтай кеңейтілді;
  • Тұлғаны кеден органдарына алдын ала ақпарат бермегені үшін немесе оны беру мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту алынып тасталды;
  • «Қорғас» ШХЫО арнайы экономикалық аймағында ұмыс істеу аясында тасымалданатын тауарларды кедендік декларация мәселесі реттелді.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы бизнес-қоғамдастық алаңдаушылық танытып отырған нормаларға да тоқталды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеп жатқан Кәсіпкерлер мәселесінің реестрінде кеден саласындағы кәсіпкерлердің мәселесі де бар. Аталған Реестрге сәйкес, кедендік реттеу саласындағы негізгі мәселенің бірі – кеден құнын анықтау, тауарлар жіктемесі мен тәуекелді басқару жүйесін қолдану.

«Мысалы, тауарларды шығару кезінде бір кеден құны бекітіледі, ал одан кейін бұл құн камералдық бақылау аясында қайта қаралады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені шешу үшін кеден құнын анықтау бойынша алдын ала шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізді, ол заң жобасында ескерілді. Біздің ойымызша, барлық жаңашылдық, оның ішінде шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін азайту жалпы бизнес үшін қолайлы болады», – деп хабарлады «Атамекен» Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, Абылай Мырзахметовтың айтуынша, жаңа Кодекс жобасынан бизнес күтетін басты жаңалық – декларацияны электронды форматқа көшіру болмақ.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік барлық 17 процедура автоматтандырылады және электронды декларация жүйесіне енеді. ҚР Үкіметі бір жарым жылдан бері бекітілген жоспар бойынша «Астана–1» ақпараттық жүйесін жүзеге асырып келеді. Біз, ең алдымен, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін барлық бизнес-процесті автоматтандырып үлгеруіне алаңдаймыз, себебі бизнес үшін барлық жаңашылдық, айтарлықтай жеңілдік – бұл байланыссыз электронды декларация», – деп нақтылады Ұлттық Палатаның Басқарма Төрағасы.

Кеден заңнамасының түсіндірілуі керек, нақты емес, анықталмаған нормаларын заңнама деңгейінде кәсіпкерлердің пайдасына бекіту  айтарлықтай маңызды. Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы аталған норманың күшін шағымдарды қарау аясында ғана емес, кедендік рәсімдеу кезеңіне де таратуды ұсынды.

Мұнымен қоса Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеуге арналған негіздемені қолданыстағы Салық кодексімен және Салық кодексінің жобасымен сәйкестендіруді ұсынды.

«Құқық қолдану тәжірибесінде мүлік қай күннен бастап шектеуге жататындығы туралы сұрақ әрдайым туындайды: кедендік тексеру қорытындысы бойынша төлем аударған күннен бастап па әлде төлеушінің қарызды өтемеген күнінен бастап па? Осылайша екі норма бір-біріне қайшы келіп тұр. Кеден және салық салаларында төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу бойынша әртүрлі тәсілдерді қолдану  – бір ғана мекеме аясында – жол бергісіз»,– деп есептейді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілуі мүмкін өзгерістерге жеке тоқталды. Бастапқыда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске Ұлттық палатаның ескертпелерінсіз келісілген, түзетілген және жақсартылған сипаттағы өзгертулер енгізілген. Алайда Қаржы министрлігімен келісу барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Бұл енгізулер құқық бұзушылық нормасының құрамын кеңейтуді және жазаны қатаңдатуды қарастырады, тиісінше жауапкершілікті гуманизациялау мен ауыртпалықты азайтуға сәйкес келмейді.

ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаев Ұлттық палатаның ұсынысын қолдап, мемлекеттік органдарға бір апта ішінде шешуді тапсырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер