astana-view

Ауыл шаруашылығына инвестиция құю – Қытай мен ЕАЭО елдерінің нарығына жол ашады

2017 жылғы 25 Тамыз
6062 просмотров

Соңғы 5 жылда «ҚазАгро» және оның еншілес компаниялары аграрлық салаға 375 млрд теңгеден астам шетелдік инвестиция тартқан

Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Ұлттық Холдингімен бірлесіп ұйымдастырған шараға әлемнің 18 елінен шамамен 200-ден астам қатысушы келді. Оның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының шамамен 40 өкілі, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің мүдделі өкілдерінің кеңейтілген тобы қатысты.

Форумның негізгі міндеті – отандық бизнеске ауыл шаруашылығындағы және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, агроөнеркәсіп кешенінде бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ресми ашылуында интеграциялық процестер жағдайында Қазақстанның аграрлық секторда бәсекелестік басымдықтарға қол жеткізу үшін халықаралық озық тәжірибенің трансферті қажет екеніне баса назар аударды.

«Елімізде сүт, ет, май өндірісі мен сұранысы жоғары дақылдарды қайта өңдеу көлемін арттыру үшін қор ауқымды. Органикалық өнім шығару мүмкіндігін жекелей атаған жөн. Қазақстан инвесторларды мемлекеттік реттеу мен қолдау көрсетудің тиімділігінде айтарлықтай оң нәтижеге жетті. ТМД елдері арасында инвестициялық қызметті жүзеге асыруда қолайлы жағдай жасаған көшбасшы елдердің біріне айналды. Қазақстанға инвестиция құя отырып – Қытай, Расей мен ЕАЭО елдерінің нарығына шығуға үлкен мүмкіндік туады», – деді Асқар Мырзахметов.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Ауыл шаруашылығы министрінің хабарлауынша, бүгінде экспорттық саясатты мақсатты бағыты жүзеге асырылып отыр. Осыған орай, жаңа экспорттық арналарды құратын, ал жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтетін, ірі экспорттық партияларды АӨК экспорт орталығы құрылды. Қазіргі таңда ҚХР компанияларымен астықты, майлы дақылдарды, өсімдік майын экспорттау үшін келісім шартқа қол қойылса, Араб Әмірлігі мен Иранға жасымық тасу үшін компаниялармен келісімге қол қою қайта өңделуде, ал, Ресей, Израиль, Гонконг елдерінің компанияларымен күнбағыс тұқымын, қатты бидай, ұн, ноқат, бұршақ, қой етін тасымалдау үшін келісөздер жүргізіліп келеді.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов соңғы 5 жылдың ішінде ғана «ҚазАгро» және оның еншілес компаниялары жалпы 375 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестиция тартқанын атап өтті. Холдинг басшысы хабарлағандай, Қазақстанда халықаралық инвесторлар үшін артықшылықтардың кеңейтілген спектрі көзделген, олар субсидия, несиелер және басқа жеңілдіктер түріндегі салалық артықшылықтар, басым инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі кедендік баж салығынан босату және т.б.

«Қазақстан экономикасының аграрлық секторының қолданыстағы заңнамалық базасы нарық талаптарына, халықаралық практика нормаларына сәйкес келеді және кәсіпкерлік бастамаларды қорғауға және қолдауға бағытталған, ол Doing Business рейтингісімен қолдауға ие болады», – деді Нұрлыбек Малелов.

Форум барысында ITFC халықаралық ислам сауда-қаржы корпорациясының бас директоры Хани Салем Санбол Ислам ынтымақтастық ұйымының жұмысына тоқталды.

«Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдеріне әлемдік ауыл шаруашылық жердің 29% тиесілі екенін, дегенмен ИЫҰ-ына мүше мемлекеттердің 28-і азық-түлік өнімдерін пайдаланатын, табысы аз елдердің қатарына жатады. Бұл әлемдегі аш адамдардың 20,8% сәйкес. Бидайды импорттаушы ірі 5 елдің төртеуі және экспорттаушы 10 елдің екеуі Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше, бірақ бұл ұйымға мүше мемлекеттердің азық-түлік саудасының жетіспеушілігі 2000 жылғы 16 млрд доллардан 2017 жылы 79 млн долларға артты», – деп хабарлады Хани Салем Санбол.

ITFC Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру процесінде біршама соманы банктер мен өзге де халықаралық қаржы ұйымдары арқылы айналымға енгізе алды. Бұған Қазақстанның 2011 жылы қабылданған «Астық туралы» заңы жақсы негіз болған. ITFC бас директорының айтуынша бұл заң банктер мен инвесторлар үшін қауіпсіздік құралына айналған.

Сонымен қатар, іс-шарада Азия даму банкінің қоршаған ортаны қорғау. Табиғи ресурстар және ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Акмал Сиддик, Еуропа қайта құру және банкінің Қазақстандағы директоры А.Красуцкий, FAO Қазақстандағы әріптестік және байланыс жөніндегі кеңсе бастығы Б.Нәжимиденов, Венгрия Экспорт-Импорт банкінің Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы дамыту жөніндегі директоры Виктор Берки және т.б. бизнес өкілдері ауыл шаруашылығына инвестиция құю туралы баяндама жасады.

Инвестициялық форумда іскерлік қатынастарды қалыптастырудан басқа, отандық бизнестің шетелдік серіктестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі келтіруі мүмкін бірқатар проблемалық мәселелер де талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер