astana-view

Қазақстанда нарықты жетілдіру бойынша өңірлік жоспар дайындалады

2017 жылғы 21 Қыркүйек
4144 просмотров

21 қыркүйекте Қайрат Мәжібаевтың төрағалығымен ашық мәжіліс өтті

Видео-конференция байланысы арқылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қосылды.

Күн тәртібіне қолданыстағы заңның сауда қызметін реттеу тұсына жүргізілетін  тексеруге қатысты сауда саласын дамыту және қолдау бағдарламасының жобасын талқылау қойылды. Комитет жұмысына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Экономикалық зерттеу институты» АҚ өкілдері қатысты.

ҚР ҰЭМ Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры еліміздегі ішкі сауда саласын жаңғырту жұмысы жайлы баяндады. Қайрат Ертуғанов сауда инфрақұрылымы мен нарықтық қатынаста заманауи үлгіге көшу механизмдеріндегі орын алған мәселелер туралы айта келе, Министрліктің ұстанымын жеткізді. Атап айтақанда, ҚР ҰЭМ нысандарды салу мен жетілдіруде мемлекеттік инвестицияның көлемін қайта қарауды, жалдамалы орынжай нарығында бәсекелестікті арттыру мақсатында сауда ғимараттарын заманауи үлгіге ауыстыруды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өткізу саласында тауар жеткізу жүйесін реттеуді қолға алуды ұсынып отыр.

«Біз Ұлттық палатаның субсидияны немесе мемлекеттік қолдауды алы үшін сауда кәсіпорындарының ауданын азайту туралы ұсынысын түзетуге енгіздік. Астана мен Алматы қалаларында 5000 шаршы метрден 3000 шаршы метрге дейін азайтылды, ал қалған қалаларда 2000 шаршы метрден 1000 шаршы метрге дейін қысқартылды. Сауда нысандары екі қабат болуы керек деген міндетті ережені де алып тастадық», – деді Министрлік өкілі.

Жиын барысында Қазақстанда электронды коммерция нарығының даму келешегі қаралды. Ұлттық экономика министрлігінің өкілі бұл бағытта негізгі құрал ретінде онлайн-бизнесті жүргізу үшін бастапқы кедергілерді азайту мен электронды сауданы реттеуді жетілдіру қажеттілігін атап өтті. Бірқатар іс-шаралар «Бизнестің жол картасы–2020» бірыңғай бағдарламасында көрсетіледі.

Сауда комитетінің төрағасы өкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің назарын саладағы көптен бері шешілмей жүрген мәселелерді шешуде айтарлықтай нәтиже жоқтығына аударды. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеудің нарықтық тәсілдерін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан сауда желілеріне қысым көрсету, валюта бағамының құбылуына орай отандық кәсіпорындардың бәсекелік қабілетінің көрсеткішерінің азаю мәселелерін, сондай-ақ қаржылық сетордық сауда саласынмен бірігу мәселесі, банкаралық транзакцияда пайыздық мөлшерлеменің жоғарылығын және т.б. мәселелерді атап өтті.

«Банктер арасындағы операция мәселесі расымен де сауда саласын дамытуды тежейтін фактор болып отыр, ол сөзсіз шешілуі керек», - деп нақтылады ҚР ҰЭМ Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры.

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров ішкі сауданы дамытуда халықаралық тәжірибені таныстыра отырып, Малайзия, АҚШ, Франция, Австралия мен Ресейдің тәжірибесі жайлы баяндады. Зерттеу қорытындысы осы салада орын алған таныс мәселелерді растады.

Салыстырмалы талдауда көрсетілгендей Қазақстан үшін өңір бойынша бөлшек сауданы дамытудағы сәйкессіздігі, станционарлық сауда нысандарында 1 мың адамға есептелген қамтамасыз ету үлесінің төмендігі мен саладағы өндірістік еңбектің анағұрлым төмендігі мәселесінің маңызы зор. Алайда, көтерме және бөлшек сауданы (бағалау бойынша осы салада 1,5 млн адам еңбек етеді) дамыту аумағын ескерсек, жалпы еліміздің ішкі сауда нарығының дамуында оң өзгерістер орын алған.

«Біз сондай-ақ бәсекелестікті қорғауға, инвестициялық жобаларды ынталандыруға бағытталған реттеу нормаларын Ресейдің үлгісімен зерттедік. Заңнама мен нормативтік-құқықтық актілер талданды. ЭЫДҰ тарапынан ұсыныстар алдық. Франшиза тарту, отандық брендтердің бәсекелік қабілетін арттыру, өңіраралық саудадағы кедергілерді азайту мүмкіндіктері қарастырылып датыр. Сауда кәсіпорындарының арасында сауалнама жүргіздік, көлік-логистикалық мәселелер, сауда орындарына қол жеткізу, айналым қаражатының жетіспеушілігі сынды мәселелер анықталды. Бұл мәселелер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тарапынан түсті», – деп хабарлады бас директордың орынбасары.

«Атамекен» ҚР ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Дінмұхамед Әбсаттаров келіп түскен материалдардың қорытындысы бойынша25 тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленгенін, алдағы жұмыста назарға алу керектігін айтты. Мұнымен қоса «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасына енгізілуі тиіс кей құралдар қарастырылған.

Дінмұхамед Әбсаттаров атап өткендей мүдделі тараптарды сауда саласын дамытудың бағдарламасын әзірлеуге күш салуы керек. Бұл бағытта үш жұмыс тобы құрылған. Ішкі сауданы дамыту бойынша Бірінші топ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанында жұмыс істейді, екіншісі – Экономикалық зерттеу институтының жетекшілігіндегі Жобалық топ, үшіншісі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасында. Қазіргі таңда бірлесіп күш сала отырып жоспар дайындалды. Егжей-тегжейлі жоспар 15 бөлімнен және 99 іс-шарадан тұрады. Оған Ұлттық палатаның сауда саласын «БЖК–2020» экономиканың басым бағыттарының тізіміне енгізу, базарларды заманауи үлгідегі сауда кешендеріне айналдырудың жол картасын әзірлеу, а электронды төлем картасы мен транзакция үшін пайыздық мөлшерлемені азайту арқылы электронды сауда инфрақұрылымын дамыту секілді бірқатар ұсынысы енгізілген.

Сөз соңында Ұлттық палатаның Басқарушы директоры Д.Әбсаттаров жұмыс істеп тұрған базарлардың бір бөлігін классикалық форматта қалдырудың мәні бар деген пікір білдірді. Тек оған қажетті коммуникацияны толықтай жүргізу керек. Саудагерлерге өркениеттік талаптарға сай жағдай жасалады, сондай-ақ дәстүрлі ерекшелік те сақталады. Оның айтуынша бұл тәсіл қаржы шығынын азайтып, әлеуметтік шиеленісті жояды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер