astana-view

«Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

2017 жылғы 11 Қараша
5213 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елорда туризм қауымдастығымен бірлесіп, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотобайқауы жеңімпаздарының есімін жариялады.

Әділқазылар алқасыҚазақстанның әр өңірінен жолданған 180-нен астам фотосуреттің арасынан іріктеп, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотобайқауының 3 жеңімпазын анықтады.

Қазылар алқасына ұйымдастырушылардан бір өңіл, және демеушілер өкілі мен кәсіби фотограф таңдалды Олар әр аталым бойынша әдемі де ерекше, қайталанбас әрі қызықты жұмысты сарапқа салды.

Бірінші орын мен фотобайқау демеушісі Астана Марриотт қонақ үйі ұсынған сыйлық, яғни Марриотт қонақүйінде демалыс пен Виста мейрамханасында кешкі ас, Марриотттың танымал балкүлшесі, сондай-ақ CityPASS Kazakhstan компаниясының атынан – Astana CityPASS «All-in» туристік картасы «Сұлтан-Эпе жерасты мешіті» жұмысы үшін Илья Афанасьевке берілді.

Екінші орын мен байқау демеушісі Rixos President Astana ұсынған сыйлық – қонақ үйде демалыс күні жеңілдікпен қызмет алу CityPASS Kazakhstan компаниясының сыйы – Astana CityPASS «All-in» туристік картасын Сергей Волков алды. Автор байқауға «Құпияны аша отырып» атты жұмысын ұсынған.

Үшінші орын мен байқау жеңімпазы Explore Central Asia атынан берілген сыйды – «Абсолют» қонақ үйінде екі түн қону және Астана қаласына экскурсия «Жас аңшы» жұмысы үшін Татьяна Кретова иеленді.

Ықылас білдірген кез келген адам өзін фотосарапшы рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды. Көпшілік «Көрермен көзайымы» аталымын Facebook әлеуметтік желісіндегі «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотобайқауының парақшасында 2017 жылдың 28 қазанынан 8 қараша аралығында үздік жұмыстарды дауыс беру арқылы анықтайды. «Қазынаны іздеу» жұмысы ең көп дауыс алып, Евгения Волкова жеңімпаз атанды. Жеңімпазға Qazaq auyl «Alash» атынан этноауыл аумағында екі күн экскурсияға жолдама берілді, сондай-ақ этноауыл қолөнершілері жұмысының сыйлық жинағы табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер