astana-view

Дуальді білім беру – білікті маман кепілі

2017 жылғы 16 Қараша
7095 просмотров

Елімізде дуальді білім беруді енгізу 2012 жылдан басталды

«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева елімізде дуальді білім беру жүйесін енгізу мәселесіне қатысты ой бөлісті.

«Дуальді білім беру бағдарламасына мемлекетпен қатар бизнес-қоғамдастықтың да қатысуы кездейсоқ емес. Бүгінде бизнес жалпы ішкі өнімнің 80% береді. Бізге білікті мамандар өте қажет. Бизнесмендер білікті мамандарды жұмысқа алуы үшін колледжерге білім беру үшін өз қызметкерлер мен техникалық алаңдарын ұсынып келеді. Дуальді білім беру енгізілген осы 5 жыл ішінде айтарлықтай нәтиже бар. Өңірлерде жас мамандарды жұмысқа қабылдау өзгерді. Жалпы елімізде маман резервінде айтарлықтай қарқын бар», - дейді Ләззат Шонаева.

Қазіргі таңда қалыптасқан өзара байланыс механизмінің түсіндіріп өтсек. Мұнда өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын және білім беру мекемесі секілді бірнеше тарап қатысады. Бұл тараптар ең алдымен өзара іс-қимыл меморандумына қол қойды. Басты мақсаты – еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету. Себебі бизнес-қоғамдастық үнемі тәжірибе алаңында жүретін білім алушылармен еңбек келісімшартын жасайды. Оған 2 немесе үш жыл уақыт керек, бұл аралық еңбек өтілі ретінде саналады.

Қазақстанның бес өңіріндегі жұмыс барысында дуальді білім беру мемлекет пен бизнес ортадағы серіктестердің бірлесіп шешуін талап ететін басты және екінші дәрежедегі міндеттерді анықтады.

Қазақстанда алдағы 5 жыл ішінде дуальді білім беру бағдарламасын дамытуға 118 милрд теңге бөлу ойластырылған. Бағдарлама жыл сайын 22 мың жас маманды тартады. Экономиканың түрлі саласында кемінде 2 мамандықты игеретін 9-11 сынып оқушылары қамтылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер