astana-view

Әр салада тиімді басқару әдісі керек

2017 жылғы 16 Қараша
5682 просмотров

"Атамекенде" тиімді басқару бойынша семинар өтті

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында әдетте мәселе шаш етектен. Әсіресе үй өткен ғасырда салынған болса, шаруа тіптен бастан асуы мүмкін. Ескі ғимаратты қалыпта ұстау, тұрғындармен жақсы қатынаста болу, шаруашылықты тәртіпті жүргізу коммуналдық шаруашылық қызметіне жүктелген. Ал үй жаңа болса, жаңа технологияларды, стандарттарды меңгеру керек. Бұл қызмет әрине тегін жүргізілмейді, дегенмен көп жағдайда екі тараптар арасында дау-дамайлар туып жататыны жасырын емес.

Осы тақырыпта 16 қараша күні  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен Германия компаниялары әріптестігімен бірлескен «Тұрғын үй және тұрғын үй қоры кәсіби басқарушыларының мүддесін тиімді ету»  атты семинар өтті.

Қазақстан нарығына неміс тәжірибесі құнды, шетелдік әріптестер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тиімді басқаруды нысанаға алған. Іс-шарада Германия Тұрғын үй-коммуналдық саласы басқарушылары: ВЕГИС басқарушы компания директоры, Белоруссиядағы Халықаралық Мүлік менеджменті қауымдастығының басқарма төрағасы Вернер Меркель және IWO жоба жетекшісі Йоханн Штрезе басты спикерлер болды.

Семинар жұмысын бастаған ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов отандық тұрғын үй шаруашылығында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін неміс тәжірибесі құнды болатыны атап өтті.

«Біз неміс тарапымен жемісті ынтымақтастық жүргізіп отырмыз. Айта кетелік, биыл шілде айында ауқымды баспасөз конференциясы өткен болатын, бүгін семинар ұйымдастырылды. Германиямен ынтымақтастық аясында отандық кәсіпкерлер шетелдік компаниялар негізінде тиімділігі жоғары әрі ұтымды үлгілерді меңгере алады», – деді Елдос Рамазанов.

 Өз кезегінде Йоханн Штрезе берілген мүмкіндік үшін алғыс айтып, PRO HOUSE жобасы тұжырымдамасымен таныстырды.

 Семинар барысында спикерлер Германиядағы бизнес-делдалдық ұйымдар жұмысы жайында айтып кетті, онда көппәтерлі үйлерді басқару, тұрғын үй-коммуналдық қызмет басқарушылары одағының мүддесін қалай қорғау керек бойынша ақпарат берілді.

 Айта өтелік, 2017 жылдың 31 мамырында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы IWO «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (Германия) компаниясымен Жобалық ынтымақтастық бойынша Келісімге қол қойған болатын. Бұл шетелдік компанияны Еуроодақ қаржыландырады. Сондай-ақ,  2017 жылдың 11 шілдесінде «Атамекенде» Халықаралық конференция өткен болатын. Онда Қазақстан мен Өзбекстанның тұрғын үйлік мәселелері талқыланды. Бұл конференция Қазақстанның өзбек, неміс серіктетерімен үш жылдық ынтымақтастығының бастауы болды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер