astana-view

«Атамекен» басшысы автоөнеркәсіпті қолдаудағы тиімсіздіктің себебіне тоқталды

2017 жылғы 29 Қараша
12811 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа отырысында оқшаулауды ұлғайту мен импорт алмастыруға кедергі келтіретін жайттарға тоқталды

Тимур Құлыбаев аталған мәселені талқыға салу барысында  оң нәтиже берген ресейліктәжірибені атап өтті. 

«Осыдан 20 жыл бұлын астықты Ресейге біз жеткізетінбіз. Қазіргі таңда жағдай мүлдем бөлек. Бүгінде Ресейдің экспорттық әлеуеті біздің елде өсірілетін астық көлемінен үлкен. Көрші елге қантты жеткізетінбіз, алайда ресейлік сұраныс Қазақстандағы нарықтың тұтынушылық көрсеткішінен асып түседі. Біз белгілі бір азық-түлікпен өзіміздегі сұранысты қамтамасыз ете алмай отырмыз. Мұның барлығы инфляцияға әсерін тигізуде.

Инфляциямен күресу кейпін танытамыз. Аталған жұмыс қандай құралдармен жасалып отыр? Алдын ала сатып алынған тауар топтары бітпейінше бағаны ұстап тұруға болады. Алайда, бағаның негізгі бөлігін нарық анықтайды. Қаражатқа бірінші кезекте қажет тауарларды алатынымыз да түсінікті. Мұндай жағдайда ешқандай несие-қаражат саясаты, ақша жиыны сынды құралдар жұмыс атқармайды. Ішкі нарықты толық қамтамасыз етпейінше, өз экономикалық саясатымызды басқара алмаймыз», - деп мәлімдеді Ұлттық палата басшысы.

Тимур Құлыбаев мысал ретінде  экономиканың негізіне әсер етпейтін машина жасау саласын кетірді.

«Ірі екі құрастырушы бар екендігі белгілі. Бір құрастырушы болуы тиіс. 2016-2017 жылдары 56 мың автокөлік сатылды. Өнеркәсіпті толығымен оқшаулау үшін 100 мың автокөлік шығару керек. Резеңке, шыны, пластмасса сынды барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін өнеркәсіптер болуы керек. Өнімімен не істеуге болатынын білмейтін көксағыз зауытын қаржыландыру қажет. Осы сынды іс-әрекеттер оқшаулау болып табылады. Сол жағдайда автокөлік қолдауға кетітін ақша экономикаға мультипликативкі әсер туғызады. Экономикаға әсерін беретін жұмыс жасау керек. Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын өндіру саласында жағдайды реттеп, қызмет көрсетуді алға қою қажет. Осы арқылы ауыл тұрғындарына көмек көрсетер едік. Отандық өндірушілерді қолдайық. Бұған байланысты сараптамалар мен есептер бар негізінде 20-40 жоба көлемінде ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл мәселелер Үкімет деңгейінде шешіледі», - деп сөз сөйледі Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы өнеркәсіптің 90%-на дейін оқшаулай алған Өзбекстанды мысалға келтірді.

«Ұлттық банк ел экономикасына көп еңбегін сіңірді. Жақында екінші деңгейлі банктер қайта жұмысын бастап, экономиканы қаржыландыра алады. Пайыздық мөлшерлемені ескеретін болсақ, тек айналмалы капитал үшін мүмкін жағдай. 18%-дық мөлшерлемеге инвестиция жасау мүмкін емес», - деді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев Шығыс Қазақстанда орнаған жағдай жайында сөз қозғады. Әкім Даниал Ахметов тұрғын үй қаржыландыруын екінші деңгейлі банктерге беруді ұсынды. Ұлттық палата басшысы арзан ипотеканы қажетсінетін халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдайтындығын мәлімдеді.

«Тұрғын үй құрылысымен біздің арамызда кім айналысады, Самұрық қазына ма? Тұрғын үй құрылысы оның құзыреттілігіндегі жұмыс па? Әлде «Бәйтерек Фонды» құзыреттілігінде ме? Бұл ұйымдар экономиканы әртараптандырумен айналысу қажет. Ал бізде ол тұрғын үй құрылысымен айналысатын болған. Үкіметті басқарған тәжірибелі маман, қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысы әкімі дәл соны айтуда. Бизнестің аталған мәселедегі көзқарасы дәл сондай болғандықтан ұсыныстарыңызды жеткіземіз дедік. Біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының тұрғын үймен қамтылуын қолдау мен осы адамдар үшін ипотеканы арзандату жолдарын талқылауымыз керек», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекеннің» басшысы тұрғын үй фондтарына жөнелтілетін қаражатты ипотеканың пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға бағыттау керектігіне сенімді.

Қорытындылай Тимур Құлыбаев Үкімет отырысының қатысушылары мен Бақытжан Сағынтаевты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық білдірумен қатар белсенді ұстанымдары үшін   алғыс білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер