astana-view

​ Қазақстанның үздік тауар өндірушілерін Астанада марапаттайды

2017 жылғы 04 Желтоқсан
8780 просмотров

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік таураы» байқауларының қорытындысы 6 желтоқсанда жарияланады

Елімізде Индустриализация күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз­–2017» байқауының марапаттау салтанаты өтеді. Дәстүрлі шара биыл «Expo конгресс-орталығында» ұйымдастырылды.

2017 жылы «Алтын сапа» сыйлығын алуға 101 компания үміткер. Ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына республика бойынша 144 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы сапалы өнім немесе қызмет көрсетуде айтарлықтай жетістікке жеткен, қауіпсіздікті сақтау, басқару сапасының тиімділігі жоғары әдісін енгізуді ұйымдастырған кәсіпорындарға беріледі. Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша марапатталады. Аталған байқауларды 2015 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.

6 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін салтанатты шара барысында Индустриализация күні аясында жаңа инновациялық инфрақұрылымдық және индустриялық жобалар іске қосылады деп күтіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер